Ыдыс жуғышта жууға болатын бөлшектер, Әйнек қақпақты тазалау, Майды немесе сұйық майды алмастыру – Philips HD6180 User Manual
Page 68: Қолданып болған майды немесе сұйық майды тазалау, Сақтау, Қуыруға арналған кеңестер
Құралды қосу үшін, қосу/өшіру түймесін ‘I’ ұстанымына апарыңыз. 30 секунд ішінде
Алдын ала тазалау түймесін кем дегенде 2 секунд бойы басыңыз, сонда Алдын ала
тазалау функциясы белсендіріледі. (Cурет 23)
Су 80°C қа дейін қыздырылып, ішкі ыдыс 30 минут бойы жібітіліп тұрады. Осының
арқасында ыдысты тазалау оңай болады. (Cурет 24)
30 минут өткенде, естілетін дыбыс шығады, демек қыздыру элементі сөндірілді деген
сөз. Енді сіз ішкі ыдысты қуырғыштан суырып алып, оны босатып, ыстық су және
тазалағыш сұйықтықпен тазалауыңызға болады.
Ыдыс жуғышта жууға болатын бөлшектер.
Электр компоненттері және қыздыру элементі бар негзінен басқа барлық бөлшектерді ыдыс
жуғышта немесе біраз тазалағыш сұйықтық қосылған ыстық суда жууға болады.
Қуырғыштың негізін дымқыл шүберекпен немесе асхана қағазымен тазалаңыз (кішкене
тазалағыш сұйықтықпен).
Барлық бөлшектерді тазалап болғаннан соң жақсылап кептіріңіз.
Әйнек қақпақты тазалау
Бұл құралда тұрақты мөрлеу сақинасы бар әйнек қақпағы бар, Тиімді қызмет алу кепілдігі
үшін мөрлеу сақинасын алмаңыз. (Cурет 25)
Әйнек қақпағын құралды қолданған сайын, ыдыс жуғышта немесе біраз тазалағыш сұйықтық
қосылған ыстық суда жууға болады.
Майды немесе сұйық майды алмастыру
Май және сұйық май өзінің пайдалы заттарын жылдам жоғалтатындықтан, сізге майды
әрдайым алмастырып отыруға тура келеді. Тазарту белгісі майды немесе сұйық майды қашан
алмастыру керектігін ескертіп отырады («Құралды қолдану» тармағынағы «Тазарту белгісі»
бөлігін қараңыз).
Егер сіз қуырғышты протейні көп (ет немесе балық тәрізді) тамақтарды дайындауға
қолдансаңыз, онда майды жиірек алмастыру керек.
Бір майды 6 айдан артық қолданбаңыз, әрі тамақтың орамында берілген нұсқаларды
орындап отырыңыз.
Қолданып жатқан майға жаңа май немесе сұйық май қосуға болмайды.
Әр түрлі майды арластырмаңыз.
Майыңыз қызған кезде көбіктене бастаса, немесе жағымсыз иіс немсесе дәм шығарса, әлде
түсі қарайып, сироп тәріздес бола бастаса, оны міндетті түрде ауыстырыңыз.
Қолданып болған майды немесе сұйық майды тазалау
Қолданып болған майды немесе сұйық майды оның түп нұсқалы пластикті ыдысына құйып
алыңыз. Сіз қатты майды қуырғышта (ішінен себетті алып тастап барып) қатайтып, содан соң
күрекшемен алып, газетке орап тастасаңыз да болады. Егер мүмкіндік болса, пластик бөтелкені
немесе газетті кампост емес қоқыс бактарына (компост қоқыс бактарына емес) салып, немесе
оларды өзіңіздің еліңіздегі заң бойынша тастаңыз.
сақтау
1
Барлық бөлшектерді қуырғыштың ішіне салып, қақпағын жабыңыз.
Қақпақты құралға қайта қойғанда, ұстағышы артқа қарай жылжытлғандығын және қақпақ
ілмекке дұрыс енгізілгендігін тексеріңіз.
Тоқ сымын орап жинап, тоқ сымын сақтап қоятын орынға итеріп салыңыз (Cурет 26).
Қуырғышты ұстағышынан ұстап көтеріңіз (Cурет 27).
,
-
-
-
-
-
-
-
-
-
ҚазаҚша
68