Гарнирлер десерттер – Hotpoint Ariston FP 1005 AB0 User Manual
Page 131
131
it
131
kz
қабығын аршыңыз, ақ түсті жұмсақтарын алып тастаңыз да, цедраны турағышжүз 2 көмегімен кесіңіз.
Цедраны аздап қайнаған су бар кастрөлге салып, 3 минуттай пісіріңіз. Сыққышты орнатыңыз және
қалған апельсин шырынын сығыңыз. Шырынды сүзіңіз және кастрөлге құйыңыз, бір ас қасық сірке суын,
2 ас қасық қант және бір ожау үйрек сорпасын қосыңыз. Кастрөлдің ішіндегіні қайнатыңыз, ұн себілген
30 г май қосыңыз және қызуы аз отта 10 минуттай араластырыңыз. Дәм беру үшін тұз және бұрыш
қосыңыз, цедраны сүзіп алып, қосыңыз. Үйректі үлкен ыстыққа төзімді табаққа салыңыз, бұқтырылған
апельсин тілімдерімен әшекейлеңіз және етке тұздығын құйыңыз.
САңыРАУҚҰЛАҚ фРИКАСЕ
4 порцияға арналған ингредиенттер: 600 г қозықұйрық, 4 жұмыртқаның сары уызы, 1 лайм, баданша, 1
сарымсақ кішкене тісі, көкөніс сорпасы, қосымша зәйтүн майы, тұз және бұрыш.
Лаймның жартысын сыққышпен сығыңыз. Турағыш жүзді орнатыңыз және бір уыс баданша тураңыз.
Қозықұйрықты жуыңыз және оларды турағыш жүз 1көмегімен тілімдеп тураңыз. Сарымсақты және
туралған бір салым баданшаны кастрөлге зәйтүн майымен қызартыңыз. Қозықұйрықты және
аздап көкөніс сорпасын қосыңыз, одан кейін қызуы жоғары отта 10 минуттай пісіріңіз, қозықұйрықты
ақырындап аударып тұрыңыз. Осы кезде, ұнтақтағыш дискіні азық өңдеу құрылғысына орнатыңыз және
жұмыртқа сары уызын сүзілген лайм шырынымен езіңіз. Піскен соң, дәм беру үшін тұз және бұрыш
қосып, отты өшіріңіз. Сары уыз және лайм шырынының қоспасын қозықұйрыққа жылдам араластырып
тұрып қосыңыз. Баданша сеуіп, үстелге беріңіз.
зАбАГЛИОНЕ КРЕМі ҚОСыЛҒАН КОфЕ КЕКСТЕРі
4 порцияға арналған ингредиенттер. Кекстер үшін: 350 г 00 сұрыпты ұн (ұнтақталған), 2 жұмыртқа, 180 г
қант, 1 пакет ашытқы, 10 г кофе бұршақтары, 70г сүт, 120 г май, тұз. Забаглионе кремі үшін: 5 жұмыртқа,
120 г қант, құрғақ марсала шарабы.
Кекстер үшін. Кофені ұнтақтағышпен ұнтақтаңыз және кофені кофеқайнатқымен дайындаңыз. Ұнтақтағыш
дискісін орнатыңыз және жеңіл және көпіршітілген қоспа алғанға дейін жұмыртқаны қантпен шайқаңыз.
Дискіні алып тастаңыз және араластыру жүзін орнатыңыз, одан кейін еріген майды, сүтті, салқын кофені,
бір салым тұз және ұнмен еленген ашытқыны қосыңыз. Тегіс қоспа алғанға дейін араластырыңыз және
4 силикон қалыптарға салыңыз (қалыптарға май жағыңыз және егер олар алюминийден жасалған болса
ұн себіңіз). 180° C дәрежедегі пеште 15/18 минуттай пісіріңіз. Забаглионе кремі үшін. жұмыртқаларды
тоңазытқыштан 2 сағат бұрын шығарып қойыңыз. жұмыртқаның сарыларын алып тастаңыз және азық
өңдеу құрылғысында ұнтақтағыш дискі көмегімен таза және ақсары қоспа алғанға дейін қантпен бірге
ұнтақтаңыз. 1,5 дл марсала шарабын аз-аздан құйыңыз, жақсылап араластырыңыз. Қоспаны шұңғыл
тостағанға салыңыз және забаглионені бумен пісіру аспабында бұлғауышпен араластырып тұрып, 10
минуттай пісіріңіз. Оны ешқашанда қайнатпаңыз. Піскен соң, оның көлемі үлкейеді және крем жеңіл
және көпіршітілген күйде болады. Оны аздап суытып алыңыз. Кекстерді ыстық күйінде аударып,
забаглионе кремімен үстелге беріңіз.
Гарнирлер
Десерттер