beautypg.com

Hotpoint Ariston FP 1005 AB0 User Manual

Page 128

background image

128

it

128

kz

FP 1005 AX0

РЕЦЕПТ КіТАбы

ОРыС САЛАТы

4 порцияға арналған ингредиенттер: 250 г майдағы тунец, майдағы хамса балық, 2 картоп, 2 сәбіз, 300

г асбұршақ, 2 жұмыртқа, қыша, 1 лимон, жаңғақ майы, тұз.

Тоқпақ дискіні орнатыңыз және азықты өңдеу тостағанына 2 жұмыртқа, аздап қыша және 1 салым тұз

салыңыз. Аз-аздан қосып тұрып араластырыңыз, шамамен 2 дл май. Қоспа жеңіл және жұмсақ болған

кезде, 4 шай қасық сүзілген лимон шырынын қосыңыз. Тунецті кептіріңіз және тураңыз. 8 хамса балық

етімен де солай жасаңыз. Картоптың қабығын аршыңыз, турағыш жүзбен ірі қылып тураңыз да, қарайып

кетпеуі үшін дереу суға және лимон шырынына салыңыз. 2 сәбізді жуыңыз және оларды тілімдеп

кескішпен тілімдеп кесіңіз. Су құйылған кастрөлді қайнатыңыз және картопты 5 минут бойы пісіріңіз.

Картопты кептіріңіз және мұздай суға салыңыз, 5 минуттан кейін толығымен кептіріңіз. Сәбізді де осылай

өңдеп, 3 минут қайнатыңыз. Асбұршақты да осылай өңдеп, 1 минут қайнатыңыз. Тостағанға картопты,

сәбіздерді, асбұршақты, тунецті және хамса балықты салыңыз, майонез қосып, араластырыңыз, дәм

беру үшін тұз және аздап май қосыңыз. Тоңазытқышқа 2 сағатқа қойыңыз.

ҚОяН бАУыРыНАН жАСАЛҒАН АйТУЛы ТАМАҚ

6 порцияға арналған ингредиенттер: 400 г қоян бауыры, 100 г сүрленбеген бекон, 2 пияз, 6 тілім үйдің

наны, 2 лавр жапырағы, 2 арша жидесі, құрғақ Марсала шарабы, кілегей, май, тұз және бұрыш.

Азық өңдеу құрылғысына турағыш жүзді орнатыңыз. Пияздың қабығын аршып, ұсақтап тураңыз.

Туралған пиязды кастрөлге салыңыз және бір кесек майда аздап қуырыңыз. Шамамен 10 минут

бойы пірісіңіз, арасында ағаш қасықпен араластырып тұрыңыз. Осы кезде, турағыш жүз орнатылған

азық өңдеу құрылғысының көмегімен бауырды және беконды тураңыз. Туралған бауыр мен беконды

кастрөлге салып, 40 г маймен қуырыңыз. 5 минуттан кейін пиязды, лавр жапырақтарын, кесілген

арша жидесін қосып, тағы 10 минут пісіріңіз. 1 стақан шарап құйыңыз және қатты отта булаңыз. Лавр

жапырақтарын және арша жиделерін алып тастаңыз да, қоспаны турағыш жүзбен қайтадан өңдеңіз

және бөлме температурасындағы 100 г май қосыңыз. Суытыңыз және тоқпақ дискісімен көпіршітілген

2 стақан кілегей қосыңыз. Дәм беру үшін тұз және бұрыш қосыңыз. Қоспаны қаспақтануға қарсы қағаз

жайылған кекс пісіретін қалыпқа құйыңыз және тоңазытқышқа ең кемінде 6 сағатқа қойыңыз. Паштетті

төңкеріңіз және 3 бөлікке кесілген қызартылған нан тілімдерімен беріңіз.

ПИяз СОРПАСы

4 порцияға арналған ингредиенттер: 1 кг ақ пияз, 40 г ұн, 4 тілім үйде жасалған нан, 100 г грюйер

ірімшігі, көкөніс өнімдері, құрғақ ақ шарап, май, тұз және бұрыш.

Пиязды тілімдеп кескішпен ұсақтап кесіңіз және қызуы аз отта май және бір шөміш көкөніс сорпасын

қосып 20 минуттай булаңыз. Еленген ұн сеуіп, тағы 2 минуттай пісіріңіз. 1 стақан ақ шараппен булаңыз

және барлық пиязды қамту үшін сорпа қосыңыз. Қайнатыңыз және қызуы аз отта 40 минуттай пісіріңіз,

арасында араластырып және егер қоспа құрғақ болып жатса, ыстық сорпадан қосып тұрыңыз. Дәм

беру үшін тұз және бұрыш қосыңыз. Ірімшікті турағыш жүздің көмегімен ұсақтаңыз. Сорпаны 4 күйдірген

саздан істелген тостағанмен, 3 бөлікке кесілген қызартылған нанмен беріңіз. Үстіне ірімшік сеуіп,

бірнеше минут қуырыңыз.

This manual is related to the following products: