Kz рецепт кітабы – Hotpoint Ariston FP 1005 AB0 User Manual
Page 130
130
it
130
kz
РЕЦЕПТ КіТАбы
1-жүз қалың тілімдерге кеседі; 2-жүз жіңішке тілімдерге кеседі.
ҚызАНАҚ жӘНЕ ҚҰЛПыНАй ҚОСыЛҒАН ГАСПАчО
4 порцияға арналған ингредиенттер: 400 г даттерини қызанақтары, 400г құлпынай, 1 насыбайгүл
байламы, қосымша зәйтүн майы, Сычуань бұрышы, тұз.
Қызанақтарды жуыңыз, ірі қылып кесіңіз және центрифугаға салыңыз. Құлпынайды тазалап жуыңыз
және қызанақтан ағызылған суы бар блендерге салыңыз, 4 қасық сұйық май, бір салым бұрыш
және тұз қосыңыз. 4 мұз текшесін қосыңыз, араластырыңыз және 4 стақанға құйыңыз. Насыбайгүл
жапырақтарымен сәндеп, үстелге беріңіз.
іРіМшіК ҚОСыЛҒАН ҮзбЕ КЕСПЕ
4 порцияға арналған ингредиенттер: 1 кг ақ таза картоп, 250 г 00 сұрыпты ұн (ұнтақталған), 1 жұмыртқа,
жұпар жүзімінің дәні, 100 г тома ірімшігі, 100 г фонтина ірімшігі, 60 г грана падано ірімшігі, кілегей, тұз
және бұрыш.
Картопты 40 минуттай буға пісіріңіз, қабығын аршыңыз және ыстық күйінде картоп езгіштен өткізіп,
тостағанға салыңыз. Араластыру жүзін орнатыңыз. Картопты азық өңдегіштің тостағанына салыңыз,
жұмыртқа, бір салым тұз қосыңыз және аздап жұпар жүзімі дәнін ұнтақтаңыз. Араластыруды бастаңыз,
одан кейін жұмсақ және тегіс қоспа алғанға дейін аздап еленген ұн қосып отырыңыз. Оны нан илейтін
тақтайға қойып, диаметрі 2 см болатын бірнеше цилиндр пішіндерін жасаңыз. Аздап ұн себілген пышақ
жүзінің көмегімен қалыңдығы 2-3 см кішірек цилиндрлер пішінінде кесіңіз. Саусақтарыңызды ұндап алып,
бір уақытта бір жағын ұн себілген үккіштің артқы жағымен илеп, илеген кезде аздап басыңыз. Дайын
болған кезде, аздап ұн себілген шүберекке орналастырыңыз. Үккішті өңдеу құрылғысына орнатыңыз
және грана падано ірімшігін үккіштен өткізіңіз. Турағыш жүзді салыңыз және басқа ірімшіктерді жүйесіз
кесектерге кесіңіз. 4 дл кілегейді буға пісіргіште қыздырыңыз және ірімшік кесектерін қосыңыз. Біраз
жұпар жүзімі дәндерін ұнтақтаңыз және тегіс қоспа алғанға дейін араластырыңыз. Үзбе кеспені аздап
тұз қосылған қайнап тұрған суы бар кастрөлде пісіріңіз. Үзбе кеспе қайнап тұрған судың бетіне шыққан
кезде кәкпірмен алыңыз. Үзбе кеспені қызуға төзімді табаққа салыңыз және үстінен ірімшік тұздығын
құйыңыз. Грана падано ірімшігін себіңіз және қызуы 220° C дәреже пеште бірнеше минут қызартыңыз.
ҚУыРыЛҒАН ҮйРЕК жӘНЕ АПЕЛЬСИН ТҰздыҒы
4 порцияға арналған ингредиенттер: 1,5 кг қуыруға дайын 1 сүйексіз үйрек, 5 апельсин, ұн, сары түсті
ұсақ қант, алма сірке суы, Гран Марнье ликері, май, тұз және бұрыш.
Үйректі бөлшектеп кесіңіз, тұз және бұрыш себіңіз. 50 г майды үлкен сопақ табаға қыздырыңыз, үйрек
бөлшектерін салып, қызуы жоғары отта 6 минуттай қуырыңыз. Бір стақан ликер қосып, жалындатыңыз.
Кастрөлдің қақпағын жабыңыз, қызуды орташа деңгейге басыңыз және арасында араластырып тұрып
40 минуттай пісіріңіз. Үйректі сүзіп алып, жылы күйінде сақтаңыз. Азық өңдеу құрылғысына турағыш
жүз 1 орнатыңыз. 2 апельсиннің қабығын аршып, тілімдеп кесіңіз. Апельсин тілімдерін үйректі пісірген
сорпасы қосылған қаспақтануға қарсы қағаз жайылған табаға салып, 5 минуттай пісіріңіз. Апельсиннің
Дәмтатымдар
Бірінші тағамдар
Негізгі тағамдар
FP 1009 AX0