Samsung SM-P905 User Manual
Page 358

Қазақ тілі
357
Мобильді құрылғыңызды күтіңіз және
дұрыстап пайдаланыңыз
Құрылғыңызды құрғақ ұстаңыз
• Ылғалды орта мен сұйықтықтар құрылғының бөлшектерін немесе
электрондық шағын схемаларын зақымдауы мүмкін.
• Құрылғыңыз дымқылданса, оны қоспаңыз. Егер құрылғыңыз
қосулы болса, оны өшіріп, батареясын бірден алыңыз (егер
құрылғы өшпесе немесе батареясын шығара алмасаңыз, сол
қалпында қалдырыңыз). Сосын құрылғыңызды орамалмен
кептіріп, оны қызмет көрсету орталығына алып барыңыз.
• Сұйықтықтар құрылғы ішіндегі судың зақымдайтынын білдіретін
белгінің түсін өзгертеді. Құрылғыңыз сумен зақымдандалған
жағдайда өндірушінің кепілдігі жарамсыз болады.
Құрылғыны тегіс беттерде ғана сақтаңыз
Құрылғыны құлатып алсаңыз, ол зақымдануы мүмкін.
Құрылғыны өте ыстық немесе өте суық жерлерде сақтамаңыз.
Құрылғыңызды 5 °C - 35 °C температура арасында пайдалану
ұсынылады
• Құрылғыны жазғы уақытта көлік ішінде сияқты өте ыстық
аймақтарда сақтамаңыз. Бұлай істеу экранның дұрыс жұмыс
істемеуіне әкеліп, құрылғыны зақымдауы мүмкін немесе батарея
жарылуы мүмкін.
• Құрылғыңызды тікелей күн көзі түсетін жерге (мысалы, көлік
басқару панелінде) ұзақ уақыт қалдырмаңыз.
• Батареяны 0 °C - 45 °C аралығындағы температурада сақтаңыз.
Құрылғыны тиындар, кілттер және алқа сияқты металл
заттармен бірге сақтамаңыз
• Құрылғы корпусы сызылуы немесе оның дұрыс жұмыс істемеуі
мүмкін.
• Батарея ұштары металл затқа тисе, өрт шығуы мүмкін.
- SM-T325 GT-S7580 SM-G310HN SM-T535 GT-S7582 SM-T530 SM-T315 EK-GN120 SM-P900 GT-S5611 SM-T110 SM-G386F SM-T320 SM-T520 SM-P600 SM-T111 GT-E1200R SM-G800H SM-T531 GT-S7390 SM-N900 SM-T525 SM-P601 SM-G7102 SM-T520X GT-S6012 SM-T320X GT-S7392 SM-G350E SM-G800F GT-S5280 GT-I8580 GT-S6010 SM-T900 SM-T110X SM-C105