Samsung SM-P905 User Manual
Page 354
Қазақ тілі
353
• Батареяны металл заттарға тигізбеңіз, себебі олардың + және
– ұштары байланысып, батареяны уақытша немесе біржола
зақымдауы мүмкін.
• Ешқашан зақымдалған адаптерді немесе батареяны
пайдаланбаңыз.
Құрылғыңызды қыздырғыштардың, қысқа толқынды
пештердің, ысытып пісіретін жабдықтың немесе жоғары
қысымды контейнерлердің жанында не ішінде сақтамаңыз
• Батарея ағып кетуі мүмкін.
• Құрылғыңыз қатты қызып кетіп, өрт шығаруы мүмкін.
Құрылғыңызды шаң немесе ауадағы заттардың көп жиналатын
жерлерде пайдаланбаңыз немесе сақтамаңыз
Шаң немесе бөгде заттар құрылғыңыздың дұрыс жұмыс істемеуіне
және өртке немесе электр тоғының соғуына себеп болады.
Көп мақсатты ұя мен зарядтағыштың шағын ұшын сұйық
заттар, шаң, металл ұнтағы және қарындаш графиті сияқты
өткізгіш заттарға тигізбеңіз
Өткізгіш материалдар жарылысқа немесе өртке әкеп соқтыратын
қысқаша тұйықталуға немесе шіруге себеп болуы мүмкін.
Құрылғыны немесе батареяны тістемеңіз немесе сормаңыз
• Бұлай істеу құрылғыны зақымдауы я болмаса жарылыс немесе
өрт туындатуы мүмкін.
• Балалар немесе жануарлар шағын бөліктерден шашалуы мүмкін.
• Егер балалар құрылғыны пайдаланса, құрылғыны дұрыс
пайдаланып отырғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны немесе онымен бірге берілген қосалқы
құралдарды көзге, құлаққа немесе ауызға салмаңыз
Тұншығып немесе ауыр жарақат алып қалуыңыз мүмкін.
Зақымдалған немесе ағып кеткен литий ион (Li-Ion) батареяны
қолданбаңыз
Литий ионды батареяны қауіпсіз етіп тастау үшін жақын жердегі
өкілетті қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз.
- SM-T325 GT-S7580 SM-G310HN SM-T535 GT-S7582 SM-T530 SM-T315 EK-GN120 SM-P900 GT-S5611 SM-T110 SM-G386F SM-T320 SM-T520 SM-P600 SM-T111 GT-E1200R SM-G800H SM-T531 GT-S7390 SM-N900 SM-T525 SM-P601 SM-G7102 SM-T520X GT-S6012 SM-T320X GT-S7392 SM-G350E SM-G800F GT-S5280 GT-I8580 GT-S6010 SM-T900 SM-T110X SM-C105