Қазақша – Philips HD6161 User Manual
Page 49

49
Кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips
компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін, өніміңізді www.philips.com/welcome
веб-торабында тіркеңіз.
Жалпы сипаттама (Cурет 1)
A Қақпағының сабы
B Қақпақ
C Қуыру себеті
D Қуырғыш себеттің артқа лақтырылатын сабы
E Қыздыру элементі
F Майдың/сұйық майдың деңгейіне арналған «минималды» және «максималды» көрсеткіш
G Жеке алынатын ішкі ыдыс
H Арнайы орын
I Температура түймесі
J Қосу/өшіру түймесі
K Цифрлы таймер
L Шешілмелі бақылау панелі
M Қауіпсіздік түймесі
N Қайта қосу түймесі
O Қуат сымын сақтау бөлімі
P Қуат сымы
Q Ақпараттық тақтайша
R Суға арналған ыдыс
S Тасымалдау саптары
Маңызды ақпарат
Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығып, болашақта
анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Қауіпті!
- Қыздыру элементі бар бақылау панелін суға батырмаңыз немесе ағын су астында шаймаңыз.
абайлаңыз!
- Құралды қоспас бұрын, онда көрсетілген кернеудің жергілікті желі кернеуіне сәйкес
келетінін тексеріп алыңыз.
- Штепсельдік ұшы, қуат сымы немесе өзі зақымданған болса, құралды қолданбаңыз.
- Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны тек Philips қызмет көрсету
орталығында, Philips ұсынған қызмет көрсету орталығында немесе тиісті білімі бар
мамандар алмастыру керек.
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны пайдалану
нұсқауларынсыз, физикалық және ойлау қабілеті шектеулі, сезімталдығы төмен, сондай-ақ
білімі мен тәжірибесі аз адамдар (соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолданбауы керек.
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.
- Қуат сымын балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз. Құрал тұрған беттің немесе
үстелдің шетінен қуат сымы салбырап тұрмауы тиіс.
- Құрылғыны тек жерге қосылған розеткаға жалғаңыз.
- Қуырып жатқанда, ыстық бу фильтр арқылы шығады. Қолдарыңыз бен бетіңізді қауіпсіз
қашықтықта ұстаңыз. Сонымен бірге, қақпақты ашқан кезіңізде де ыстық будан сақ
болуыңыз керек.
- Бұл құрылғы сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан басқару құралымен басқарылмайды.
ҚазаҚша