Тамақты бумен пісіруге арналған кеңестер, Жемістер мен көкөністер, Дәмдендіргіш – Philips HD9140 User Manual
Page 62

Бумен пісірілетін
тамақ
Мөлшері
Дәмдендіргішке салынуы
ұсынылатын шөптер\дәмдеуіштер
Бумен пісіру
уақыты (мин.)
Тауық ет
кесіндісі
250 г
Карри, гүлшетен, жебіршөп
30-35
Балық белдемесі 250 г
Кептірілген қыша, қалампыр бұрышы,
жұпаргүл
10-12
Сорпа
250 мл
Талғамыңызға қарай шөп/
дәмдеуіштер
12-16
Жұмыртқа
6-8
-
15
Мәзір түймелеріндегі алдын ала орнатылған пісіру уақыттары (Cурет 20)
Тамақты бумен пісіруге арналған кеңестер
Жемістер мен көкөністер
- Түсті орамжапырақ, брокколи және орамжапырақтың қалың сабақтарын кесіп тастаңыз.
- Жапырақты, жасыл түсті көкөністерді ең қысқа уақыт бумен пісіріңіз, себебі олар түстерін
жеңіл жоғалтады.
- Тоңазытылған көкөністерді бумен пісірер алдында ерітудің керегі жоқ.
Ет, құс еті, балық, теңіз тағамдары және жұмыртқалар
- Нәзік, сәл майы бар еттер бумен пісіргенге өте қолайлы.
- Етті жақсылап жуып алып, сөлі шықпауы үшін сүртіп құрғатыңыз.
- Етті басқа тамақтардың астына салыңыз.
- Жұмыртқаны бумен пісіргішке салар алдында тесіп алыңыз.
- Тоңазытылған етті, құс етін немесе теңіз тағамдарын бумен пісіруге болмайды. Бумен
пісірмес бұрын, міндетті түрде ерітіп алыңыз.
- Бірнеше бумен пісіру табағын қолданған жағдайда, жоғарғы табақтағы немесе
табақтардағы конденсат төменгі табаққа ағып отырады. Барлық табақтардағы дәмдер бір
бірімен сәйкес келетінін тексеріп отырыңыз.
- Тамақ бөліктері арасында бос орын қалдырыңыз. Бумен пісіру табағының сыртқы жағына
ірірек бөліктерді салыңыз.
- Бумен пісіру табағы тым қатты толып тұрса, пісіру уақытының жартысы өткенде, тамақты
араластырыңыз.
- Аз мөлшердегі тамақ көп мөлшердегі тамаққа қарағанда аз уақытта піседі.
- Бір бумен пісіру табағын қолданған жағдайда, 2 немесе 3-бумен пісіру табағын қолданған
кездегіге қарағанда тамақ тезірек дайын болады.
- Ең төменгі бумен пісіру табағындағы тамақ жоғарғы табақтағы тамақтан көрі жылдамырақ
піседі. Бірнеше табақ қолданған жағдайда, 5-10 минут артық пісіріңіз. Тамақты жемес
бұрын, оның әбден піскенін тексеріп алыңыз.
- Тамақты бумен пісіру процесі барысында қосуға болады. Ингредиент азырақ уақытта
пісетін болса, кейін қосуға болады. Жеместен бұрын, тамақтың піскенін тексеріп алыңыз.
- Қақпақты көтерсе, бу шығып, бумен пісіру ұзағырақ уақыт алады.
- Құрал жылы сақтау режиміне өткен кезде, пісіру процесі шамалы уақыт жалғасады.
Сондықтан, жақсылап піскен болса, бумен пісіру мәзірі тоқтағанда, тамақты пісіргіштен
шығарып алыңыз.
- Егер тамақ әлі піспеген болса, ұзағырақ бумен пісіру уақытын орнатыңыз. Бұл жағдайда су
ыдысына су қосу керек болуы мүмкін.
Дәмдендіргіш
- Дәмдендіргішке жебіршөп, кориандр, насыбайгүл, аскөк, карри және эстрагон жусаны
сияқты шөптерді және дәмдеуіштерді салуға болады. Дәмді арттыру үшін, тұз қоспастан,
ҚазаҚша
62