Ескерту, Автоматты түрде өшіру, Сусыз пісіруден қорғау функциясы – Philips HD9140 User Manual
Page 56: Электромагниттік өрістер (эмө)

- 1, 2 және 3, сондай-ақ, XL бумен пісіру табақтарын тек түпнұсқа негізгі бөлігімен бірге
пайдаланыңыз.
- Қуат сымын ыстық беттерден аулақ ұстаңыз.
Ескерту
- Басқа өндірушілер шығарған немесе Philips арнайы ұсынбаған қосалқы құралдарды немесе
бөлшектерді қолданбаңыз. Ондай қосалқы құралдар немесе бөлшектер қолданылатын
болса, кепілдік өз күшін жоғалтады.
- Құралдың негізгі бөлігін температурасы жоғары , ыстық газы, буы бар, сондай-ақ, бумен
пісіргіштің өзінен тыс басқа құралдардан шығатын ылғалды ыстығы бар жерде сақтамаңыз.
Бумен пісіргішті қосылып тұрған немесе ыстық плитаның немесе пештің үстіне немесе
жанына қоюға болмайды.
- Розеткадан ажыратпас бұрын, құралдың өшірілгенін тексеріңіз.
- Тазарту алдында, құралды розеткадан ажыратып, салқындауына мүмкіндік беру керек.
- Бұл құрал тек үйде қолдануға арналған. Құралды дұрыс қолданбаса немесе кәсіби яки
жартылай кәсіби мақсатта қолданса, сондай-ақ, нұсқаулықта көрсетілгендей қолданбаса,
кепілдік күшін жояды әрі Philips компаниясы ешбір зақымға жауапты болмайды.
- Бумен пісіргішті тегіс, тұрақты және көлденең жерге қойып, оның қатты ысып кетуін
болдырмау үшін, айналасында кемінде 10 см бос жер қалдырыңыз.
- Алынбалы түптерді бір бағытта орнату керек. Ыдыс түптерінің дұрыс орнатылғанын
тексеріңіз. Ыдыс түбі дұрыс орнатылғанда, «сырт» еткен дыбыс естіледі.
- Есіңізде болсын, бумен пісіргіш істеп тұрғанда немесе оның қақпағын ашқанда одан қатты
ыстық бу шығады. Тамақты тексерер кезде, сабы ұзын ас үй құралдарын қолданыңыз.
- Қақпақты абайлап, өзіңізден алыс ұстап ашыңыз. Күйіп қалмас үшін, қақпақтағы суды бумен
пісіргішке ағызыңыз.
- Тамақ ыстық болып тұрғанда, бумен пісіру табақтарын тұтқаларынан ұстаңыз.
- Істеп тұрғанда, пісіргішті қозғамаңыз.
- Бумен пісіргіш істеп тұрғанда, оның үстінен еңкеймеңіз.
- Құралдың ыстық беттерін қолмен ұстамаңыз. Құралдың ыстық бөліктерін ұстамас бұрын, ас
үй қолғаптарын киіңіз.
- Құралды қабырғалар мен ыдыс-аяқ шкафтары сияқты бумен зақымданатын заттардың
астына немесе жанына қоюға болмайды.
- Құралды жарылатын немесе жанатын булар бар жерде қолдануға болмайды.
- Қауіпті жағдай туғызбас үшін, құралды таймер қосқышына немесе қашықтан басқару
жүйесіне жалғамаңыз.
- Су ыдысы ішінде кішкене елек бар. Шығып кеткен болса, балалар жұтып қоймас үшін,
олардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
автоматты түрде өшіру
Құралдың автоматты түрде өшу функциясы бар. Қосу/тоқтату түймесін басқаннан кейін, 1
минут ішінде мәзір түймесі басылмаса, құрал автоматты түрде өшеді. Сонымен қатар,
орнатылған пісіру уақыты (соның ішінде жылу сақтау уақыты) таусылғанда да құрал автоматты
түрде өшеді.
сусыз пісіруден қорғау функциясы
Бумен пісіргіште сусыз пісіруден қорғау функциясы бар. Құрал су ыдысында су болмаған кезде
қосылған болса немесе қолдану барысында су таусылып қалған болса, сусыз пісіруден қорғау
функциясы құралды өшіреді. Қайта қолданбас бұрын, 10 минуттай суытып алыңыз.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Бұл Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сәйкес
келеді. Осы пайдаланушы нұсқаулығы бойынша дұрыс қолданылса, бүгінгі таңдағы ғылыми
дәлелдерге сәйкес, құрал пайдалану үшін қауіпсіз.
ҚазаҚша
56