Қауіпті, Ескерту, Қазақша – Philips HD9140 User Manual
Page 55: Кіріспе, Жалпы сипаттама (cурет 1), Маңызды ақпарат

55
кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips
компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін, өніміңізді www.philips.com/
welcome веб-бетінде тіркеңіз.
Жалпы сипаттама (Cурет 1)
a Қақпақ
B XL бумен пісіру табағы
C Алынбалы ыдыс түбі
D 3-бумен пісіру табағы
E Алынбалы ыдыс түбі
F 2-бумен пісіру табағы
g 1-бумен пісіру табағы
H Тамшы науасы
i Дәмдендіргіш
J Су кіретін жер
k Су ыдысы бар негізгі бөлік
l Басқару панелі
1 Қайта толтыру жарығы
2 Таймер түймелері
3 Қақтан тазалау жарығы
4 Жарық шеңбері бар қосу/тоқтату түймесі
5 Жарық шеңберлері бар мәзір түймелері
6 Жарық шеңбері бар жылу сақтау түймесі
Маңызды ақпарат
Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығып, болашақта
анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Қауіпті!
- Негізгі бөлікті суға батыруға немесе оны ағынды сумен шаюға болмайды.
Ескерту
- Құралды қоспас бұрын, құралда көрсетілген кернеудің жергілікті желі кернеуіне сәйкес
келетінін тексеріп алыңыз.
- Құралды тек жерге қосылған розеткаға жалғаңыз. Штепсельдік ұштың розеткаға дұрыс
жалғанғанын әрдайым тексеріңіз.
- Штепсельдік ұшы, ток сымы немесе өзі зақымданған болса, құралды қолданбаңыз.
- Қуат сымы зақымдалған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны тек Philips қызмет көрсету
орталығында, Philips ұсынған қызмет көрсету орталығында немесе тиісті білімі бар
мамандар алмастыру керек.
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны пайдалану
нұсқауларынсыз, мүмкіндігі мен ойлау қабілеті шектеулі, сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз
адамдар (соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолданбау керек.
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.
- Тоқ сымын балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз. Құрал тұрған беттің немесе
үстелдің шетінен тоқ сымы салбырап тұрмауы тиіс.
- Тоңазытылған етті, тауықты немесе теңіз тағамдарын бумен пісіруге болмайды. Бумен
пісірмес бұрын, міндетті түрде ерітіп алыңыз.
- Бумен пісіргішті тамшы науасыз қолдануға болмайды, себебі құрылғыдан ыстық су
шашырауы мүмкін.
ҚазаҚша