Қазақ – Vitek VT-3480 GY User Manual
Page 82

ҚАЗАҚ
82
Кассетаға жазып алу
Магнит таспасына жазып алу
Жазып алудың басында
• Жазып алуды бастамастан бұрын сапаны
тексеру үшін тест жүргізіңіз (байқап
көріңіз).
• VITEK құрылғының дұрыс жұмыс істемеуі
салдарында жазып алудың жоғалуына
немесе зақымдануына жауапкершілік
көтермейді.
• Жазып алу кезінде дыбыс қаттылығын
реттеу жазып алынатын сигналдың
сапасына әсер етпейді.
• Кәдімгі таспаларды ғана пайдаланыңыз
(металлданған немесе хромдалған
жабыны бар таспаларды қолдану
ұсынылмайды).
Магнитофон кассеталарындағы жазбаны
өшіп қалудан сақтандырғыштар
• Жазып алуды бастамас бұрын
кассета жазбасын өшіп қалудан
сақтандырғыштың бар-жоғын тексеріңіз.
Осы сақтандырғыштар таспаны кездейсоқ
жазып алудан немесе өшіп қалудан қорғау
үшін қажет.
• Жазып алғаннан кейін жазбаны өшіп
қалудан қорғау үшін сақтандырғыштарды
алып тастаңыз. Сақтандырғышын алып
тастағаннан кейін кассетаға қайта жазба
жүргізу қажет болса, саңылауларды
жабысқақ лентамен жабыстырыңыз.
Side A – А жағы.
Tab for side A – А жағы үшін сақтандырғыш.
Tab for side B – В жағы үшін сақтандырғыш.
Радиоқабылдағыштан жазып алу
1. «FUNCTION» (функция)
ауыстырыпқосқышын «RADIO» жағдайына
ауыстырыңыз.
2. «BAND SELECTOR»
ауыстырыпқосқышының көмегімен қажетті
жиіліктер диапазонын (FM немесе AM)
таңдап алыңыз.
3. Қажетті станцияға бапталыңыз.
4. Кассета салғышқа жұмыс жағын жоғарып
қаратып, таза кассета салыңыз.
5. «PAUSE II» батырмасын басыңыз.
6. «RECORD» (жазып алу) батырмасын
басыңыз.
Жазып алуды аяқтау үшін «STOP/EJECT»
батырмасын басыңыз.
7. Жазып алуды жалғастыру үшін «PAUSE II»
батырмасын басыңыз.
Ескерту
«PLAY» және «RECORD» батырмалары таспа
біткенде автоматты түрде тоқтайды.
Шуылдарды сүзгілеу режимін
ауыстырыпқосқыш (Beat cancel)
Егер FM/AM-станцияны қабылдау кезінде
ызылдаған шуылдар пайда болса, онда
«BEAT CANCEL» (шуылдарды сүзгілеу)
ауыстырыпқосқышын 1 немесе 2-жағдайға
ауыстырыңыз (сигнал сапасы жақсысын
таңдап алыңыз).
Аса күрделі операциялар
CD немесе USB жазып алу
1. «FUNCTION» ауыстырыпқосқышын «CD»
немесе «USB» жағдайына ауыстырыңыз.
2. Кассета салғышқа жұмыс жағын жоғары
қаратып, таза кассета салыңыз.
3. Жазып алуды бастау үшін «RECORD»
(жазып алу) батырмасын басыңыз.
4. Егер жазып алу кезінде «STOP/EJECT»
(жазып алуды тоқтату) батырмасын басса,
жазып алу индикаторы жоғалады, алайда
диск айнала береді.
5. Дискіні тоқтату үшін «» «Stop» (тоқтату)
батырмасын басыңыз.
CD/USB бағдарламаланған тректерді жазып
алу
1. Жазып алатын тректі таңдап алыңыз.
2. Тректі жадыға енгізгеннен кейін
«RECORD» (жазып алу) батырмасын
басыңыз. Жазып алынатын тректің
аяқталуын күтіңіз.
3. Жазып алуды тоқтату үшін «STOP/EJECT»
батырмасын басыңыз, алайда диск
айналуын жалғастыра береді.
4. Дискіні тоқтату үшін «» «Stop» (тоқтату)
батырмасын басыңыз.
Ескерту
Баспа біткен кезде «PLAY» және «RECORD»
батырмалары автоматты түрде сөнеді.
3480.indd 82
23.04.2007 16:03:25