Қазақ – Vitek VT-3480 GY User Manual
Page 79

ҚАЗАҚ
79
1. Дискіні ойнату кезінде немесе оны
тоқтатқаннан кейін «REPEAT 1» режиміне
өту үшін «REPEAT/RANDOM» батырмасын
басыңыз (қайталау/ерікті түрде ойнату).
2. Батырманы әр басқан сайын режим келесі
кезектілікте ауысады:
Егер USB папкалар болмаса, қайталау
режимдері келесі тәртіпте өзгереді:
REPEAT 1 – тректі бір рет қайталау.
REPEAT ALL – дискінің барлық тректерін
қайталау.
RANDOM – ерікті түрде ойнату тәртібі.
NORMAL – кәдімгі ойнату тәртібі.
Егер USB папкалар болса, қайталау
режимдері келесі тәртіпте өзгереді:
REPEAT 1 – тректі бір рет қайталау.
REPEAT ALL – дискінің барлық тректерін
қайталау.
REPEAT FOLDER – ағымдағы папканың
барлық тректерін қайталау.
RANDOM – ерікті түрде ойнату тәртібі.
NORMAL – кәдімгі ойнату тәртібі.
Ескертулер
• Дискіні ойнату кезінде «» батырмасын
басып, ерікті түрде таңдалған келесі
трекке өтуге болады. Керісінше, «»
батырмасы осы режимде алдыңғы трекке
қайтып келуге мүмкіндік бермейді, бұның
орнына жүйе ағымдағы тректі басынан
бастап ойнататын болады.
• Ойнату кезектілігін ерікті түрде
қалыптастыру режимінде жүйе автоматты
түрде келесі тректі таңдайды (осы
процеске әсер ету мүмкін емес).
Назар аударыңыз!
Қайталауды немесе ерікті түрде ойнатуды
тоқтату үшін «» (тоқтату) батырмасын
басыңыз, олай жасамаған жағдайда ойнату
тоқтаусыз жалғаса беретін болады.
Ескертулер
• Осы жүйе тек «MPEG-1 Audio Layer-3»
(32, 44.1, 48 кГц сандау жиіліктерімен),
«MPEG-2 Audio Layer-3», «MPEG-2.5 Audio
Layer-3» және MP1 форматтарын ғана
қолдайды, MP2 форматын қолдамайды.
• MP3-файлдарды ойнату тәртібі
компакт-диск жазылған БҚ типіне және
баптауларына байланысты.
• MP3-формат бір сек. 32-ден 320 кбит
дейінгі битрейттерді, WMA-формат бір
сек. 64-тен 160 кбит дейінгі битрейттерді
қолдайды
• MP3- және WMA-файлдар үшін
келесі кеңейтулер қажет: *.MP3 және
*.WMA, сәйкесінше, әйтпесе, файлдар
ойнатылмайтын болады.
• Осы жүйеде ойнату тізімімен жұмыс істеу
функциясы жоқ.
• Файлдар мен папкалардың атаулары 32
символдан аспауы қажет.
• VBR-файлдарды ойнату кезінде (Variable
bitrate – айнымалы битрейт) дисплейде
бейнелетін ойнату уақыты нақты уақытқа
сәйкес келмеуі мүмкін.
• Ойнату уақыты «MEMORY/DISP»
батырмасының көмегімен өзгертілмейді.
• Дискіні ойнату кезінде немесе үзіліс
кезінде «MEMORY/DISP» батырмасын
басқан жағдайда трек нөмірі, туынды
атауы және орындаушының есімі
бейнеленеді.
• WMA-файлды жазып алу кезінде келесі
мәліметтер енгізілсе, WMA форматында
туынды атауы, орындаушының есімі
бейнеленуі мүмкін.
• Авторлық құқық туралы заңмен қорғалған
WMA-файлдар ойнатылмайды.
3480.indd 79
23.04.2007 16:03:24