Samsung EK-GC100 User Manual
Page 275
Қазақ тілі
274
Мобильді құрылғыңызды күтіңіз және дұрыстап
пайдаланыңыз
Құрылғыңызды құрғақ ұстаңыз
• Ылғалды орта мен сұйықтықтар құрылғының бөлшектерін немесе
электрондық шағын схемаларын зақымдауы мүмкін.
• Құрылғыңыз дымқылданса, оны қоспаңыз. Егер құрылғыңыз қосулы
болса, оны өшіріп, батареясын бірден алыңыз (егер құрылғы өшпесе
немесе батареясын шығара алмасаңыз, сол қалпында қалдырыңыз).
Сосын құрылғыңызды орамалмен кептіріп, оны қызмет көрсету
орталығына алып барыңыз.
• Сұйықтықтар құрылғы ішіндегі судың зақымдайтынын білдіретін
белгінің түсін өзгертеді. Құрылғыңыз сумен зақымдандалған
жағдайда өндірушінің кепілдігі жарамсыз болады.
Құрылғыны тегіс беттерде ғана сақтаңыз
Құрылғыны құлатып алсаңыз, ол зақымдануы мүмкін.
Құрылғыны өте ыстық немесе өте суық жерлерде
сақтамаңыз. Құрылғыңызды 5 °C - 35 °C температура
арасында пайдалану ұсынылады
• Құрылғыны жазғы уақытта көлік ішінде сияқты өте ыстық
аймақтарда сақтамаңыз. Бұлай істеу экранның дұрыс жұмыс
істемеуіне әкеліп, құрылғыны зақымдауы мүмкін немесе батарея
жарылуы мүмкін.
• Құрылғыңызды тікелей күн көзі түсетін жерге (мысалы, көлік басқару
панелінде) ұзақ уақыт қалдырмаңыз.
• Батареяны 0° C - 45° C аралығындағы температурада сақтаңыз.
Құрылғыны тиындар, кілттер және алқа сияқты металл
заттармен бірге сақтамаңыз
• Құрылғы корпусы сызылуы немесе оның дұрыс жұмыс істемеуі
мүмкін.
• Батарея ұштары металл затқа тисе, өрт шығуы мүмкін.
Құрылғыңызды магнитті өрістер жанында сақтамаңыз
• Құрылғыңыз істемей қалуы мүмкін немесе батарея магнитті
өрістерден зарядсыздануы мүмкін.
• Магнитті жолақты карталар, оның ішінде несие карталары, телефон
карталары, банк есепайырысу кітапшасы және қону талоны магнитті
өрістер әсерінен зақымдалуы мүмкін.