Қосымша, Ақаулықты түзету – Samsung RL23THCTS User Manual
Page 141

қосымша
_27
04 ҚО
сЫМША
қосымша
АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
АҚАУЛЫҚ
ШЕШІМІ
Құрылғы мүлде жұмыс
істемейді немесе оның
температурасы тым
жоғары.
• Ашаның розеткаға дұрыс сұғылғанын тексеріңіз.
• Алдыңғы панельдегі температура тетігі дұрыс орынға
қойылды ма?
• Құрылғыға күн түсіп немесе оның қасында қызу көздері
тұрған жоқ па?
• Құрылғының арт жағы қабырғаға тым жақын тұрған жоқ па?
• Егер басқару Тақтасында OFF (Өшіру) таңдайтын болсаңыз,
Компрессор істемейді.
Тоңазытқыштағы тағам
мұздап қалған.
• Алдыңғы панельдегі температура тетігі ең суық
температурада тұрған жоқ па?
• Бөлме температурасы тым төмен емес пе?
Әдеттен тыс шуыл
шығады.
• Құрылғының орнықты, тегіс еден үстіне қойылғанын
тексеріңіз.
• Құрылғының арт жағы қабырғаға тым жақын тұрған жоқ па?
• Құрылғының астына немесе артына басқа зат түсіп кеткен
жоқ па?
• Шуыл құрылғы компрессорынан шығып тұрған жоқ па?
• Құрылғының әр түрлі керек-жарақтары тартылып,
кеңейген кезде сыртылдаған дыбыс шығады.
Құрылғының алдыңғы
бұрыштары мен
қабырғалары жылы және
оларға конденсат тұра
бастады.
• Құрылғының алдыңғы бұрыштарында конденсат тұруға
жол бермейтін, қызуға төзімді түтіктер орнатылған.
Бөлме температурасы жоғарылаған кезде, бұл ылғи тиімді
бола бермеуі мүмкін. Дегенмен, бұл қалыпты жағдай.
• Өте ылғалды ортада, ылғалды ауа құрылғының бетіне
тиген кезде құрылғының сыртында конденсат пайда болуы
мүмкін.
Құрылғы ішінде сұйықтың
көпіршігені естіледі.
• Бұл құрылғының ішін салқындататын тоңазытқыш сұйық.
Құрылғы ішінде
жағымсыз иіс бар.
• Тоңазытқыш ішінде ескіріп кеткен тағам тұрған жоқ па?
• Иісі қатты шығатын тағамды (мысалы, балық) ауа өтпейтін
етіп орау керек.
• Тоңазытқышты уақытылы тазалап, бүлінген немесе
бұзылайын деген тағамды тастаңыз.
Құрылғы
қабырғаларына қабат-
қабат мұз қатқан.
• Ауа шығатын саңылауларды тоңазытқыш ішіндегі тағам
бітеп тастаған жоқ па?
• Ауа айналымын жақсарту үшін тағамдарды барынша бір-
бірінен алыс қойыңыз.
• Есік әбден жабылды ма?
Құрылғының ішкі
қабырғалары мен
көкөністердің айналасына
конденсат тұрады.
• Құрамында суы көп тағамдардың беті жабылмай қойылған,
және есік ұзақ уақыт ашық қалған.
• Тағамның бетін жауып немесе бітеу сауытқа салып
сақтаңыз.
DA99-03236J(KAZ-5).indd 27
2010.6.15 5:41:3 PM