Іске қолдануға қатысты ескертулер – Samsung RL23THCTS User Manual
Page 121
қауіпсіздік туралы ақпарат
_7
• Бұл тек үйде тағам сақтауға арналған құрылғы.
• Бөтелкелерді құлап қалмас үшін бір-біріне өте жақын орналастырып қою керек.
• Егер газ аққанын байқасаңыз, ашық от көзінің немесе басқа да газды тұтандыруы
мүмкін заттардың жоқ екенін тексеріңіз де, құрылғы тұрған бөлмені бірнеше
минут желдетіңіз.
• Тек өндірушіден немесе оның қызмет көрсету агентінен алған LED шамдарын
ғана қолданыңыз.
• Балалар құрылғымен ойнап және/не оған өрмелеп шығып кетпес үшін қадағалап
отыру керек.
• Тоңазытқышты өзіңіз жөндемеңіз немесе бөлшектемеңіз.
- Өрт шығуы, бұзылып қалуы және/не адам жарақаттанып қалуы мүмкін.
Бұзылып қалса, қызмет көрсету орталығының агентіне хабарласыңыз.
• Егер құрылғыдан тосын шуыл, көңірсіген немесе түтін иісі шықса, ашаны дереу
розеткадан суырыңыз да, жақын қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
- Бұлай істемесеңіз, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Құрылғының корпусындағы немесе орнату үшін қолданылған бөліктеріңдегі
желдеткіш саңылауларды бітемей ашық ұстаңыз.
• Тоңазытқышқа шаң немесе су кірсе, ашасын суырып алыңыз да, Samsung
Electronics қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
- Өрт шығу қаупі бар.
• LED шамын ауыстыру
Ішкі немесе сыртқы LED шамы жанып кетсе, қызмет көрсету орталығының
технигіне хабарласыңыз.
• Бұл құрылғыны ылғалды, майлы немесе шаңды жерге, күн сәулесі тура түсетін
немесе жаңбыр (жаңбыр тамшылары) жауатын жерге қоймаңыз.
• Бұл құрылғыны газ жылыстап шығуы мүмкін жерге қоймаңыз.
- Электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
• Ашаны розеткаға қорек сымы еденді бойлай жататын етіп дұрыс бағытта сұғыңыз.
- Егер ашаны розеткаға кері бағытта сұқсаңыз, қорек кабелінің ішіндегі сымдар
бүлініп, нәтижесінде электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
• Құрылғыны оның салмағын көтере алатын тегіс және қатты еденнің үстіне орнатыңыз.
- Бұлай істемеген жағдайда, құрылғы дірілдеуі, одан шуыл шығуы және басқа
да ақаулықтар орын алуы мүмкін.
ІсКЕ ҚОЛДАНУҒА ҚАТЫсТЫ ЕсКЕРТУЛЕР
• Егер тоңазытқыш электр желісінен ағытылып қалса, қайта қосардың алдында
кем дегенде бес минут күтіңіз.
• Егер үш аптадан көп уақытқа кетіп бара жатсаңыз не тоңазытқышты ұзақ уақыт
қолданбасаңыз, тоңазытқышты босатып, тазалап, ашасын розеткадан алуыңыз
керек. Ішіндегі артық ылғалды сүртіңіз де, есіктерін ашық қалдырыңыз.
- Әйтпесе, жағымсыз иіс, зең пайда болуы мүмкін.
- Қорғаныс қаптамасы бүлінсе өрт шығу қаупі бар.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ
DA99-03236J(KAZ-5).indd 7
2010.6.15 5:40:37 PM