Samsung GT-P5200 User Manual
Page 277
Қазақ тілі
276
Экран сызылған немесе сынған болса, құрылғыны
пайдаланбаңыз
Сынған әйнек немесе акрил талшық қолдарыңыз бен бетіңізді
жарақаттауы мүмкін. Құрылғыны жөндету үшін Samsung қызмет
көрсету орталығына алып барыңыз.
Ұялы құрылғыларды және жабдықты сақтықпен
орнатыңыз
• Көлігіңізге орнатылған ұялы құрылғыларыңыздың немесе оларға
қатысты жабдықтардың берік бекітілгендігіне көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны немесе көмекші құралдарды ауа жастық шығатын
аймақтарға орналастырмаңыз. Ауа жастықтары дереу шыққан кезде,
дұрыс орнатылмаған сымсыз құрылғы денеңізді едәуір жарақаттауы
мүмкін.
Құрылғыңызды түсіріп алмаңыз немесе құрылғыңызға
соққы тигізбеңіз
• Құрылғы зақымдалуы немесе дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
• Егер майысса не пішіні өзгерсе, құрылғыңыз зақымдалуы не
бөлшектері істемей қалуы мүмкін.
Батареяның және зарядтағыштың ең жоғарғы
жарамдылығына көз жеткізіңіз
• Құрылғыны бір аптадан астам зарядтамаңыз, себебі шамадан тыс
қызу батарея қызметі уақытын азайтуы мүмкін.
• Кейде пайдаланылмаған құрылғы заряды таусылса, оны пайдалану
алдында зарядтау керек.
• Зарядтағыш қолданылмаған кезде, оны қуат көздерінен
ажыратыңыз.
• Батареяны тек арнайы мақсаттарында пайдаланыңыз.
• Батареяларды пайдаланусыз қалдыру уақыт өте келе олардың
қызмет көрсету мерзімін және өнімділігін төмендетуі мүмкін.
Сондай-ақ, батареялар дұрыс жұмыс істемеуі немесе жарылуы я
болмаса өрт туындатуы мүмкін.
• Құрылғының және батареяның ең ұзақ қызмет көрсету мерзімін
қамтамасыз ету үшін осы нұсқаулықтағы бүкіл нұсқауларды
орындаңыз. Ескертулер мен нұсқауларды орындамау тудырған
зақымдар немесе нашар өнімділік өндіруші кепілдігінің күшін жоюы
мүмкін.
• Құрылғы уақыт өте келе тозады. Кейбір бөлшектер және жөндеу
жарамдылық кезеңінде кепілдікпен қамтылады, бірақ бекітілмеген
қосалқы құралдарды пайдалану тудырған зақымдар немесе
нашарлау қамтылмайды.