beautypg.com

Philips HR1870 User Manual

Page 68

background image

Тазалау және сақтау

Құралды тазалағанда, қыратын шүберектерді, қырғыш тазалау құралдарын, спирт, жанармай

немесе ацетон тәріздес сұйықтықтарды қолданбаңыз.
Қолданғаннан соң бірден тазаласа, оңайырақ болады.

шырын сыққыш

1

Құралды өшіріңіз. Штепсельдік ұшын қабырғадағы розеткадан суырып, сүзгінің айналуы

тоқтағанша күтіңіз.

2

Бекіту тетігін ашық күйге қойыңыз (Cурет 23).

3

Ас бөлмесін былғамау үшін, алынатын бөлшектердің бәрін (ұлпа жиналатын ішкі ыдыс,

шырын жинағыш, сүзгі және қақпақ) шұңғылшаға бірге апаруға болады (Cурет 24).

4

Алынатын барлық бөлшектерді шешіңіз.

5

Алынатын шүмекті шешу үшін, оны шырын жинағыштан тартып шығарыңыз (Cурет 25).

6

Ұлпа жиналатын ішкі ыдысты босатыңыз.

7

Алынатын барлық бөлшектерді ыдыс жуатын сұйықтық қосып, жылы суда губкамен

немесе дымқыл шүберекпен жуып, содан кейін ағын сумен шайыңыз.

Ескертпе. Алынатын бөлшектердің бәрін ыдыс жуғышта жууға болады. Пластмассадан

жасалған бөлшектерді ыдыс жуғыштың жоғарғы науасына салыңыз. Олар қыздыру элементінен

аулақ қойылу керек.

8

Моторды дымқыл шүберекпен сүртіңіз.

Моторды суға немесе басқа сұйықтыққа батыруға және оны ағын сумен шаюға болмайды.

Цитрус сыққыш

1

Құралды өшіріңіз. Штепсельдік ұшын қабырғадағы розеткадан суырып, конустың айналуы

тоқтағанша күтіңіз.

2

Бекіту тетігін ашық күйге қойыңыз (Cурет 26).

3

Ас бөлмені таза ұстау үшін, шешілетін барлық бөліктерді (механизм қорабынан басқасы)

шұңғылшаға бірден апаруға болады (Cурет 27).

4

Шешілетін барлық бөліктерді (механизм қорабынан басқасы) ыдыс жуатын сұйықтық

қосылған жылы суда губкамен немесе дымқыл шүберекпен жуып, ағынды сумен

шайыңыз.

Ескертпе. Шешілетін барлық бөліктерді (механизм қорабынан басқасы) ыдыс жуғышта жууға

болады.

5

Мотор бөлігі мен механизм қорабын дымқыл шүберекпен сүртіңіз.

Мотор бөлігі мен механизм қорабын суға батырушы әрі ағынды сумен шаюшы болмаңыз.
Механизм қорабын ыдыс жуғышта жуушы болмаңыз.

Сақтау

1

Ток сымын мотордың негізіне орап, сым сақтайтын жерде сақтаңыз.

Ескерту. Құралды бекіту тетігінен немесе шүмегінен ұстап көтермеңіз.

ҚазаҚша

68