Philips HR1870 User Manual
Page 64

6
Шырын құмырасын шүмектің астына қойыңыз (Cурет 19).
Ескертпе. Шырынды тікелей стақанға жинау үшін, шүмек құралын қолданыңыз.
Цитрус сыққышын қолдану
1
Жемістерді жуып, екі жартыға бөліңіз.
2
Шырын құмырасы шүмектің дәл астына қойылғанын тексеріңіз (Cурет 20).
Ескертпе. Зақымның немесе жарақаттың алдын алу үшін, істеп тұрған құралды ұзын шаштан,
киімдерден, сымдардан, т.б. аулақ ұстаңыз.
3
Басқару тұтқасын 1-параметрге (төменгі жылдамдық) орнатыңыз (Cурет 21).
Ескертпе. 1-параметрді тек цитрус жемістерін сығуға пайдаланыңыз.
4
Туралған жеміс жидекті тығыздап конусқа салыңыз (Cурет 22).
Кеңес. Құралды қолданып болғаннан соң дереу тазалау оңай болады («Тазалау және сақтау»
тармағын қараңыз).
Кеңестер
Дайындау
- Шырын көбірек алыну үшін, итергішті ақырын басу керек.
- Шырыны көбірек болатындықтан, жаңа піскен жеміс-жидектер мен көкөністерді қолданған
дұрыс. Әсіресе, ананас, қызылша, сельдерей жапырақтары, алма, қияр, сәбіз, саумалдық, қауын,
қызанақ, апельсин және жүзім шырынын алған қолайлы.
- Қант қамысы сияқты өте қатты және/немесе талшықты, крахмалды жемістерді немесе
көкөністерді шырын сыққыштан өткізуге болмайды.
- Бұл шырын сыққыштан салаттағы сияқты жапырақтарды немесе жапырақ бұтақтарын
өткізуге болады.
- Шиенің, қара өріктің, шабдалының, т.б. сүйектерін алып тастаңыз. Қауын, алма немесе жүзім
секілді жемістердің өзегін және дәндерін алудың қажеті жоқ.
- Шырын сыққышты пайдаланғанда жұқа қабықтарды аршудың қажеті жоқ. Тек жеуге
жарамсыз қалың қабықтарды (мысалы, апельсин, ананас, киви, қауын және пісірілмеген
қызылша қабықтары) тазалау керек.
- Алма шырынын дайындағанда, алма шырынының қоюлығы алманың түріне байланысты
болатынын есте сақтаңыз. Алма неғұрлым шырынды болса, шырын соғұрлым сұйық болады.
Өзіңізге ұнайтын шырынды шығаратын алма түрін таңдаңыз.
- Шырын сыққыш арқылы цитрус жемістерін өткізу үшін, қабығымен қоса ақ қабатты да
аршып тастаңыз. Ақ қабат шырынға ащы дәм береді.
- Банан, папайя, авокадо, інжір немесе манго сияқты крахмалы бар жеміс-жидектерді бұл
шырын сыққыштан өткізуге болмайды. Ол үшін комбайнды немесе блендерді қолданыңыз.
Дайын болғанда
- Шырынды сығып болған соң бірден ішіп қойыңыз. Шырын ауада біраз уақыт тұрып қалса,
дәмін және қоректік құндылығын жоғалтады.
- Шырынның көбіксіз болғанын қаласаңыз, құмыраның ішіне көбік бөлгішті салыңыз. Көбігі бар
қою шырын керек болса, көбік бөлгішті құмырадан алып тастаңыз.
- Алма шырыны тез арада қоңырланып кетеді. Тез қоңырланбауы үшін, лимон шырынының
бірнеше тамшысын қосыңыз.
- Сусынды суық күйде беру үшін, бірнеше текше мұз салыңыз.
ҚазаҚша
64