Samsung GT-N5110 User Manual
Page 276
Қазақ тілі
275
Гарнитураны пайдаланған кезде есту мүшеңізді және
құлақтарыңызды қорғаңыз
• Шамадан тыс қатты дыбыстар шығару есту қабілетінің
зақымдалуына себеп болуы мүмкін.
• Жүріп келе жатқанда қатты дыбыстар шығару
назарыңызды аударып, апатқа алып келуі мүмкін.
• Құлақаспапты дыбыс көзіне қосар алдында дыбыс
қаттылығын әрдайым азайтыңыз және сөйлегенін
немесе музыканы етуге қажетті төменгі дыбыс
қаттылығы деңгейін пайдаланыңыз.
• Құрғақ жерлерде статикалық электр тогы
гарнитурада пайда болуы мүмкін. Құрғақ жерлерде
гарнитураларды пайдаланбаңыз немесе гарнитураны
құрылғыға қосардың алдында статикалық электр
тогын зарядсыздандыру үшін металл затқа тигізіңіз.
• Жүргізу немесе көлікте болғанда гарнитураны
пайдаланбаңыз. Бұлай істеу алаңдатуы және апатқа
әкелуі мүмкін немесе сізідң аймаққа байланысты
заңсыз болуы мүмкін.
Жүріп не қозғалып бара жатқанда құрылғыны
пайдалануда сақтық шараларын пайдаланыңыз
• Өзіңізге не басқаларға жарақат түсірмеу үшін әрдайым сыртқы
жағдайларды біліп отырыңыз.
• Гарнитура кабелінің қолдарыңызда немесе жақын нысандарда
шатасып қалмайтынына сенімді болыңыз.
Құрылғыңызды артқы қалталарда немесе беліңізде
ұстамаңыз
Құрылғыны құлатып алсаңыз, ол зақымдануы немесе сізді
жарақаттауы мүмкін.
Боямаңыз немесе құрылғыңызға жапсырмалар
жабыстырыңыз
• Бояу және жапсырмалар қозғалатын бөліктеріне кедергі келтіріп,
дұрыс жұмыс істеуіне жол бермеуі мүмкін.
• Құрылғының бояуына немесе бөлшектеріне аллергияңыз болса, тері
қышуы, қышыма пайда болуы немесе ісуі мүмкін. Мұндай жағдайда
құрылғыны пайдалануды тоқтатып, дәрігерден кеңес алу керек.