Қазақ – MAXWELL MW-3016 W User Manual
Page 19

ҚАЗАҚ
19
Құрғақ үтіктеу
• Үтікті негізге (11) орнатыңыз.
• Тұрақты бу беру реттегішін (3) «
» күйіне
белгілеңіз.
• Желілік баудың айыр тетігін ашалыққа қосыңыз.
• Реттегішті (10) бұрап, қажетті үтіктеу
температурасын матаның түріне байланысты
белгілеңіз: «•», «••», «•••» немесе «MAX», сол
кезде көрсеткіш (7) жанады.
• Үтік табанының температурасы белгіленген
температураға жеткенде, көрсеткіш (7) сөнеді,
үтіктеуге кірісуге болады.
• Үтікті пайдаланып болғаннан кейін температура
реттегішін (10) «MIN» күйіне орнатыңыз.
• Желілік баудың айыр тетігін ашалықтан
ажыратыңыз жəне үтіктің толық салқындауын
күтіңіз.
Бумен үтіктеу
Үтік үтік табанының төмен температурасы
кезіндегі судың берілуін жабатын тамшыға қарсы
клапанмен жабдықталған, бұл үтік табанының (14)
саңылауларынан тамшылардың пайда болуын
болдырмайды. Үтік табанының қызуы жəне
салқындауы кезінде, сіз тамшыға қарсы клапанның
ашылуына/жабылуына тəн шыртылдарды естисіз,
ол оның қалыпты жұмыс істеуін куəландырады.
• Үтікті негізіне (11) қойыңыз.
• Желілік баудың айыртетігін ашалыққа салыңыз.
• Сауытта (12) су жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз
• Реттегішті (10) бұрап, қажетті үтіктеу
температурасын белгілеңіз: бумен жұмыс істеу
аймағында, «•••» немесе «MAX», сол кезде
көрсеткіш (7) жанады.
• Үтік табанының (14) температурасы белгіленген
температураға жеткенде, көрсеткіш (7) сөнеді,
үтіктеуге кірісуге болады.
• Тұрақты бу беру реттегішімен (3) қажетті бу түзу
қарқындылығын белгілеңіз, бу үтік табанының
(14) саңылауларынан шыға бастайды.
• Үтікті пайдаланып болғаннан кейін температура
реттегішін (10) «MIN» күйіне, ал тұрақты бу беру
реттегішін (3) «
» (бу беру сөндірілген) күйіне
орнатыңыз.
• Желілік баудың айыр тетігін ашалықтан
ажыратыңыз жəне үтіктің толық салқындауын
күтіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Егер жұмыс істеу уақытында тұрақты бу беру
болмаса, бу беру реттегіші (3) күйінің дұрыстығын
жəне сауытта судың болуын тексеріңіз.
Қосымша бу беру
Бу беру қызметі қыртыстарды үтіктеген кезде
пайдалы жəне үтіктеудің жоғары температуралы
режимінде ғана қолданыла алады (температура
реттегіші (10) «•••» немесе «МАХ» күйінде) (сур.4).
Бу беру батырмасын (6) басқанда бу үтік табанынан
шыға бастайды.
Ескерту:
- Судың бу саңылауларынан ағуын болдырмау
үшін қосымша бу беру батырмасын (6) 4-5
секунд аралығымен басыңыз.
Тік ылғалдау
Тік ылғалдау қызметі тек жоғары температуралы
үтіктеу режимінде ғана қолданыла алады
(температура реттегіші (10) «МАХ» күйінде).
Үтікті киімнен 15-30 см қашықтықта тік ұстаңыз
жəне қосымша бу беру батырмасын (6) 4-5 секунд
аралығымен басыңыз, бу үтік табанынан (14) шыға
бастайды (сур.5).
Қажетті ақпарат
• Синтетикалық маталарды тік ылғалдау
ұсынылмайды.
• Ылғалдау кезінде матаның еруін болдырмау
үшін үтіктің табанын оған тигізбеңіз.
• Ешқашан адамға киілген киімді ылғалдамаңыз,
себебі шығатын будың температурасы өте
жоғары, иықшаларды немесе киім ілгішті
пайдаланыңыз.
Су бүріккіш
• Сіз бүріккіштің (5) батырмасына бірнеше рет
басып, матаны ылғалдай аласыз (сур.6).
• Сауытта (12) жеткілікті су бар екеніне көз
жеткізіңіз.
Бу камерасын тазалау
Үтіктің қызмет ету мерзімін ұзарту үшін бу
камерасын тазартуды, əсіресе «қатты» құбыр суы
бар аймақтарда тұрақты орындау ұсынылады.
• Тұрақты бу реттегішін (3) «
» (бу беру
сөндірілген) күйіне орнатыңыз.
• Сауытты (12) «MAX» белігісіне (13) дейін суға
толтырыңыз.
• Үтікті негізіне (11) қойыңыз.
• Желілік баудың айыр тетігін ашалыққа қосыңыз.
• Реттегішті (10) бұрап, үтік табаны қызуының
максималды температурасын белгілеңіз «MAX»,
сол кезде көрсеткіш (7) жанады.
MW-3016.indd 19
MW-3016.indd 19
05.10.2011 15:19:28
05.10.2011 15:19:28