Қазақ – MAXWELL MW-3016 W User Manual
Page 18
ҚАЗАҚ
18
Ескерту
Бірінші қосқан кезде үтіктің қыздыратын
элементі күйеді, сондықтан аз көлемдегі
түтіннің немесе бөтен иістің пайда болуы –
бұл қалыпты құбылыс.
Суды таңдау
Сауытты толтыру үшін құбырдағы суды пайдалануға
болады.
Егер құбырдағы су қатты болса, оны 1:1 қатынасында
дистильденген сумен араластыру ұсынылады, өте
қатты су болған жағдайда оны 1:2 қатынасында
дистильденген сумен араластырыңыз немесе тек
дистильденген суды пайдалаңыз.
Суға арналған сауытты толтыру
Суды үтікке құю алдында, оның желіден
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
• Температура реттегішін (10) «MIN» күйіне, ал
тұрақты бу беру реттегішін (3) «
» күйіне
орнатыңыз (сур.1).
• Құю саңылауының қақпағын (2) ашыңыз.
• Өлшейтін стаканшаны (15) пайдаланып, суды
құйыңыз, қақпақты (2) тығыз жабыңыз (сур.2).
Ескерту:
- Суды MAX белгісінен (13) жоғары толтырмаңыз.
-
Суға арналған сауытқа (12) хош иісті
сұйықтықтарды, сірке суды, крахмал ерітіндісін,
қақты жоюға арналған реагенттерді, химиялық
заттарды жəне т.с.с.-ларды құюға тыйым
салынады.
- Егер үтіктеу кезінде суды толтыру қажет
болса, онда үтікті сөндіріңіз жəне желілік айыр
тетікті ашалықтан ажыратыңыз жəне суды
құйыңыз.
- Үтіктеп болғаннан кейін үтікті сөндіріңіз, оның
толық салқындауын күтіңіз, одан кейін құятын
саңылаудың қақпағын (2) ашыңыз, үтікті
төңкеріңіз жəне қалған суды төгіңіз.
Үтіктеу температурасы
Қолдану алдында, үтіктің табаны (14) жəне суға
арналған сауыт (12) таза екеніне көз жеткізу үшін
қызған үтікті матаның кішкентай бөлігінде тексеріңіз.
• Əрқашан үтіктеу алдында үтіктеудің ұсынылған
температурасы көрсетілген бұйымның
жапсырмасын қараңыз.
• Егер үтіктеу бойынша нұсқаулары бар жапсырма
болмаса, бірақ сіз матаның түрін білсеңіз, онда
үтіктеу температурасын таңдау үшін кестеге
қараңыз.
Белгілеулер Матаның түрі (температура)
•
Синтетика, нейлон, акрил, полиэстер
(төмен температура)
••
Жібек/жүн (орташа температура)
•••
Мақта/зығыр (жоғары температура)
MAX
Максималды температура
• Кесте тек біртегіс маталарға қолданылады. Егер
мата басқа түрлі болса (бүктелген, бедерлі жəне
т.с.с.), онда оны төмен температурада үтіктеген
дұрыс болады.
• Əуелі заттарды үтіктеу темперетурасы бойынша
сұрыптаңыз: синтетиканы – синтетикаға, жүнді -
жүнге, мақтаны – мақтаға жəне т.с.с.
• Үтік салқындауға қарағанда тезірек қызады.
Сондықтан əуелі төмен температура кезінде
үтіктеу ұсынылады (мысалы, синтетикалық
маталар).
• Содан кейін анағұрлым жоғары температура
кезіндегі үтіктеуге көшіңіз (жібек, жүн). Мақтадан
немесе зығырдан жасалған заттарды соңында
үтіктеңіз.
• Егер матаның құрамына аралас талшықтар
енсе, онда ең төмен температураны белгілеу
қажет (мысалы, егер бұйым полиэстерден жəне
мақтадан құралса, онда оны полиэстерге сəйкес
температурада үтіктеу қажет «•»).
• Егер сіз матаның құрамын анықтай алмасаңыз,
онда бұйымды киген кезде көрінбейтін
жерді табыңыз, жəне тəжірибелік жолмен
температураны таңдаңыз (əрқашан ең төменгі
температурадан бастаңыз жəне оны қажетті
нəтижеге жеткенге дейін біртіндеп көтеріңіз.).
• Тез сетінейтін шибарқыт жəне басқа да
маталарды тек бір бағытта сəл ғана басып (түктің
бағытымен) үтіктеу керек.
• Синтетикалық жəне жібек маталардағы
сетінейтін дақтардың пайда болуын болдырмау
үшін, оларды ішкі жағынан үтіктеңіз.
Үтіктеу температурасын белгілеу
• Үтікті тік күйде орнатыңыз.
• Желілік баудың айыр тетігін ашалыққа қосыңыз.
• Реттегішті (10) бұрап, қажетті үтіктеу
температурасын матаның түріне байланысты
белгілеңіз: «•», «••», «•••» немесе «MAX», сол
кезде көрсеткіш (7) жанады (сур.7.).
• Үтік табанының (14) температурасы белгіленген
температураға жеткенде, көрсеткіш (7) сөнеді,
үтіктеуге кірісуге болады.
MW-3016.indd 18
MW-3016.indd 18
05.10.2011 15:19:28
05.10.2011 15:19:28