Philips SCD535 User Manual
Page 115

115
Неліктен нәресте бөлігіндегі көрсеткіште
батарея белгісі жымыңдайды?
• Мүмкін нәресте бөлігіндегі қайта
зарядталмайтын батареялар таусыла
бастаған болар. Қайта зарядталмайтын
батареяларды алмастырыңыз немесе
нәресте бөлігін тоққа қосыңыз. («Қолдануға
дайындық» тармағын қараңыз).
Неліктен ата аналар бөлігі телеметрлік
дыбысын шығарады?
• Нәресте модулімен байланыс үзілсе, ата-ана
модулі LINK (Байланыс) жарығы қызыл болып
жыпылықтап тұрғанда дыбыс шығарады
және дисплейде «Searching» (Іздеуде)
хабары көрсетіледі. Ата-ана модулін нәресте
модуліне жақындатыңыз.
• Егер ата аналар бөлігі бип дыбысын шығарып,
көрстекіштегі батарея белгісі бос болса,
онда қайта зарядталатын батарея топтамасы
таусылайын деп жатыр. Батарея топтамасын
қайта зарядтаңыз.
• Дыбыс ескертпесі жұмыс жасап тұрғанда
дауысты сөндірген болсаңыз, ата аналар
бөлігіндегі төртінші дауыс деңгей жарығы
көгілдір болып жанған бойда бип дыбысын
шығаратын болады, себебі нәресте бөлігі
дыбысты қағып алады.
• Ата-ана модуліндегі температура диапазоны
орнатылса және температура ескертпесі
қосылып тұрса, бөлме температурасы
орнатылған температурадан немесе
14°C-тан төмен немесе орнатылған
деңгейден немесе 35°C-тан артық болса, ата-
ана модулі дыбыс шығарады.
• Мүмкін нәресте бөлігі сөнулі шығар. Нәресте
бөлігін қосыңыз.
Неліктен құрал жағымсыз жоғары үн
шығарады?
• Бөліктер бір біріне тым жақын орналасқан.
Ата аналар бөлігін нәресте бөлігінен ең кем
дегенде 1 метр/3 фут қашықтыққа қойыңыз.
• Ата аналар бөлігіндегі дауыс деңгейі тым
жоғары етіліп қойылған болар. Ата аналар
бөлігінің дауыс деңгейін төмендетіңіз.
Модульдердегі қосу/өшіру түймелерін
басқанда, нәресте модуліндегі қуат жарығы
мен ата-ана модуліндегі LINK (Байланыс)
жарығы неге жанбайды?
• Мүмкін ата аналар бөлігіндегі қайта
зарядталатын батарея топтамасы бос
шығар және ата аналар бөлігі зарядтаушыға
қосылмаған шығар. Құралдың кішкене
шанышқысын зарядтаушыға енгізіп, адапторды
қабырғадағы розеткаға енгізіңіз, және ата
аналар бөлігін зарядтаушыға қойыңыз. Содан
соң қосу/өшіру түймесін басып, нәресте
бөлігімен байланыс орнатыңыз.
• Мүмкін нәресте бөлігіндегі қайта
зарядталмайтын батареялары таусылған
болар және нәресте бөлігі тоққа қосылмаған
шығар. Қайта зарядталмайтын батареяларды
алмастырыңыз немесе нәресте бөлігін тоққа
қосыңыз. Содан соң, қосу/өшіру түймесін
басып, ата аналар бөлігімен байланыс
орнатыңыз.
• Егер ата аналар бөлігіндегі LINK (Байланыс)
жарығы сонда да жымыңдамаса, онда қайта
орнату түймесін басып, бөліктерді бастапқы
бағдарламаларға келтіріңіз.
Неліктен LINK (Байланыс) жарығы ата-ана
модулінде үздіксіз қызыл болып жанып,
дисплейде «Searching» (Іздеуде) хабары пайда
болады?
• Нәресте бөлігі мен ата аналар бөлігі бір
бірімен байланыс аймағынан тыс шығар.
Екеуінің ара қашықтығын азайтыңыз.
• Мүмкін нәресте бөлігі сөнулі шығар. Нәресте
бөлігін қосыңыз.
• Жұмыс диапазоны тым үлкен болғанымен,
ECO (ЭКО) режимі қосылып тұр. Ата-ана
модулін нәресте модуліне жақындатыңыз
немесе ECO (ЭКО) режимін өшіріңіз.
Қ
АЗАҚ
ш
А