beautypg.com

Philips SCD535 User Manual

Page 102

background image

102

3.0.5 Қайта зарядталмайтын батареялар

мен қайта зарядталатын
батарея топтамасы туралы
маңызды ақпарат

• Қайта зарядталмайтын батареялар мен

қайта зарядталатын батарея топтамасы
күн сәулесі, от немесе басқа жоғары
температура көздерінен жарылуы мүмкін.

• Жарылыс қаупінің алдын алу мақсатында

әрдайым ата-ана модуліне қайта
зарядталатын батарея топтамасының
қажетті түрін қолданыңыз. Жарылыс қаупін
болдырмау үшін қайта зарядталмайтын
батареяларды қолданбаңыз.

• Жарылыс қаупінің алдын алу үшін әрдайым

нәресте модуліне қайта зарядталмайтын
батареялардың қажетті түрін қолданыңыз.
нәресте модулінде зарядталу функциясы жоқ.

• Қайта зарядталмайтын батареялар мен

қайта зарядталатын батарея топтамасын
салғанда немесе алмастырғанда, қол құрғақ
болу керек.

• Қайта зарядталмайтын батареялар немесе

батарея топтамасы ағып кетпес үшін:
1 Құралды 35° C-тан артық

температурада ұстамаңыз.

2 Құралды бір ай не одан көп уақыт

қолданбағанда ата-ана модулінің қайта
зарядталатын батарея топтамасы
мен нәресте модулінің қайта
зарядталмайтын батареяларын алып
тастаңыз.

3 Бос қайта зарядталмайтын

батареяларды нәресте модулінде
қалдыруға болмайды.

• Қайта зарядталмайтын батареяларды және

қайта зарядталатын батарея топтамасын
қажетті жерге тастаңыз («Қоршаған орта»
тарауын қараңыз).

3.0.6 Электрмагниттік өрістер (ЭМӨ)

Осы Philips AVENT құралы электрмагниттік
өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық
стандарттарға сәйкес келеді. Ұқыпты әрі осы
пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқауларға сай
қолданған жағдайда, бұл құрал бүгінгі таңдағы
белгілі ғылыми дәлелдер негізінде қолдануға
қауіпсіз болып табылған.

3.0.3 Ескерту

• Құралды 7-40°C температурасы аралығында

қолданыңыз және сақтаңыз.

• Нәресте және ата аналар бөліктерін тым

қатты суыққа немесе тым қатты ыстыққа
немесе тікелей күн сәулесіне шалдырмаңыз.
Және де нәресте мен ата аналар бөліктерін
қызу беру орнына жақын орнатпаңыз.

• Нәресте бөлігі мен тоқ сымы,

нәрестелердің қолы жетпейтін жерде
екендігін әрдайым тексеріп тұрыңыз (Ең кем
дегенде 1 метр/3 фут қашықтықта).

• Нәресте бөлігін бөпенің төсегіне немесе

манежінің ішіне қоймаңыз.

• Ата-аналар және нәресте бөліктерін ешқашан

ешнәрсемен жаппаңыз (мәселен, сүлгі немесе
көрпеше). Нәресте бөлігінің салқындатқыш
булығы әрдайым ашық болуы тиіс.

• Ата-ана модулі таратқыш немесе басқа DECT

құралының (яғни DECT телефонының немесе
сымсыз интернет маршрутизаторының)
жанына қойылса, нәресте модулімен
байланыс жоғалуы мүмкін. Байланыс қайта
орнатылғанша нәресте бақылағышын сымсыз
құралдардан қашықтатыңыз.

• Жанында қалта телефоны қосылып тұрса,

нәресте бақылағышында кедергілер пайда
болуы мүмкін.

• Радио кедергісі міндетті түрде болады және

нәресте бақылағышының дыбысына әсер
етуі мүмкін.

3.0.4 Жалпы ақпарат

• Бұл нәресте мониторы тек көмекші құрал

ретінде ғана жасалған. Ол жауапкершілікті
және орнықты ересек бақылауын алмастыра
алмайды, оны бұл мақсатпен қолдануға
болмайды.

• Нәресте ұйқысына кедергі келтірмеу үшін

мүмкін барлық шараларды орындаңыз .

• Температура және дымқылдық қадағасы

нәресте бөлмесіндегі температура
және дымқылдық мөлшерін тек өлшейді.
Оны нәресте бөлмесіндегі температура
және дымқылдықты бақылау немесе
сәйкестендіру үшін қолдануға болмайды.