beautypg.com

Өнімдерді мобильді құрылғыға жалғау, Өнімдерді qr кодын сканерлеу арқылы жалғау – Samsung SmartTag2 Wireless Tracker (White) User Manual

Page 669

background image

Жұмысты бастау

4

Өнімдерді мобильді құрылғыға жалғау

1

Мобильді құрылғыдан

SmartThings

қолданбасын ашыңыз.

SmartThings қолданбасын соңғы нұсқаға дейін жаңартыңыз.

2

Батарея науасы мен батарея арасындағы үлдірді алып тастаңыз немесе батареяны салыңыз.
Болмаса өнім түймесін басыңыз.
Өнім дыбыс шығарып, қосылады.

3

Мобильді құрылғыда өнімнің анықталғанын хабарлайтын қалқымалы терезе пайда болған кезде

Қосу

түймесін түртіңіз.
Қосылымның қалқымалы терезесі пайда болмаса,

Құрылғылар

тармағын түртіңіз.

Samsung

құрылғылары

бөліміндегі

Қосу

түймесін түртіп,

Тег/Бақылағыш

түймесін түртіңіз.

4

Жалғауды аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қосылым орнатылған кезде, белгінің қазіргі орны

SmartThings Find

картасында көрсетіледі және өнім

SmartThings қолданбасындағы құрылғылар тізімінде пайда болады.

Өнімдерді QR кодын сканерлеу арқылы жалғау

Өнімді мобильді құрылғыларға QR кодын сканерлеу арқылы да жалғай аласыз.

1

Мобильді құрылғыдан

SmartThings

қолданбасын ашыңыз.

2

Құрылғылар

QR кодын скан-у

тармағын түртіп, қораптағы QR кодын сканерлеңіз.

3

Жалғауды аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қосылым орнатылған кезде, белгінің қазіргі орны

SmartThings Find

картасында көрсетіледі және өнім

SmartThings қолданбасындағы құрылғылар тізімінде пайда болады.

Өнімді бірінші рет тіркеп жатсаңыз, қоршаған ортаға байланысты тіркеу процесінде қиындықтар
пайда болуы мүмкін. Тіркеуді сәтті аяқтау үшін 2–3 рет тіркеп көруіңіз қажет болуы мүмкін.

Қолдау көрсетілетін мүмкіндіктер мобильді құрылғыға және бағдарламалық жасақтаманың
нұсқасына байланысты өзгеріп тұруы мүмкін.

SmartThings Find қызметін Android 9.0 не одан кейінгі нұсқасы орнатылған Samsung мобильді
құрылғыларында, сонымен қатар “Ұялы телефонымды табу” мүмкіндігіне қолдау көрсететін
Samsung мобильді құрылғыларында пайдалануға болады.

Өнім сымсыз байланыс құрылғысы болып табылады және бір уақытта бірнеше құрылғы
жалғанған жағдайда, оның жұмысы нашарлауы мүмкін.

Қазақ тілі

4