Philips Norelco SHAVER Series 9000 wet and dry electric shaver S9721-84 V-Track Precision Blades Contour Detect Technology SmartClean System PRO Digital User Interface with SmartClean System PRO and Aquatec Wet & Dry User Manual
Page 148

, Құрғату фазасында құрғату белгісі үздіксіз жанады.
Ескертпе: Құрғату фазасы шамамен 4 сағатқа созылады.
Ескертпе: Орындалу барысының жолағы кептіру фазасының орындалу
барысын көрсетеді.
, Тазалау бағдарламасы аяқталғанда дайын белгісі үздіксіз жанады.
, Батарея белгісі үздіксіз жанып, ұстараның толығымен зарядталғанын
көрсетеді.
Ескертпе: Зарядтау шамамен 1 сағат алады.
Ескертпе: Тазалау бағдарламасы кезінде SmartClean жүйесінің қосу/өшіру
түймесін бассаңыз, бағдарлама тоқтайды. Бұл жағдайда шаю немесе
құрғату белгісі жыпылықтауын тоқтатады.
Ескертпе: Егер тазалау бағдарламасы кезінде адаптерді розеткадан
суырсаңыз, бағдарлама тоқтайды.
Ескертпе: Тазалау бағдарламасы мен зарядтау аяқталғаннан
кейін 30 минут өткесін SmartClean жүйесі автоматты түрде өшеді.
SmartClean жүйесінің картриджін ауыстыру
- Тазалау картриджін ауыстыру белгісі қызғылт сары түспен
жыпылықтағанда немесе нәтижеге қанағаттанбағанда ауыстырыңыз.
1
SmartClean жүйесінің бүйіріндегі түймені басыңыз (1) және
SmartClean жүйесінің жоғарғы бөлігін көтеріңіз (2).
2
Бос тазалау картриджін SmartClean жүйесінен алып, қалған тазалау
сұйықтығын тазалау картриджінен төгіңіз.
Тазалау сұйықтығын шұңғылшаға ағызып жіберуге болады.
3
Бос тазалау картриджін қоқысқа лақтырыңыз.
4
Жаңа тазалау картриджін орамадан шығарып, картридж мөрін
тартып шешіңіз.
148
ҚАЗАҚША