Philips Norelco SHAVER Series 9000 wet and dry electric shaver S9721-84 V-Track Precision Blades Contour Detect Technology SmartClean System PRO Digital User Interface with SmartClean System PRO and Aquatec Wet & Dry User Manual
Page 143

3
Қыру бөлігінің тері бетімен оңай сырғуы үшін, оны ағынды сумен
шайыңыз.
4
Электр ұстараны қосу үшін, қосу/өшіру түймесін басыңыз.
5
Қыратын бастарды тері бетімен айналдырып жүргізіңіз.
Ескертпе: Терінің бетімен оңай сырғуы үшін, электр ұстараны ағынды
сумен қайта-қайта шайып тұрыңыз.
6
Пайдаланғаннан кейін, бетіңізді құрғатып, электр ұстараны жақсылап
тазалаңыз («Тазалау және техникалық қызмет көрсету» тарауын
қараңыз).
Ескертпе: Электр ұстарадан қырыну көбігін немесе қырыну гелін
толық жуып кетіру керек.
Басып кигізілетін саптамаларды пайдалану
Триммер саптамасын пайдалану
Мұрт пен жақ сақалды тегістеу үшін триммерді қолдануға болады.
1
Ұстара бөлігін құрылғыдан тік тартып шығарып алыңыз.
Ескертпе: Ұстара бөлігін құрылғыдан шығарып жатқанда бұрамаңыз.
2
Триммердің саптамасын ұстараның жоғарғы жағындағы тесікке
кіргізіңіз. Одан кейін құрылғыға бекіту үшін триммерді төмен қарай
басыңыз («сырт» еткен дыбыс естіледі).
3
Құралды қосу үшін оның қосу/өшіру түймесін басыңыз.
, Дисплей бірнеше секундқа жанады.
4
Енді тегістеуді бастауға болады.
5
Қосу/өшіру түймесін бір рет басып құрылғыны өшіріңіз.
, Дисплей бірнеше секунд жанып, қалған батарея зарядын көрсетеді.
143
ҚАЗАҚША