beautypg.com

Philips LivingAmbience Plafón User Manual

Page 73

background image

72

Philips LivingColors түрлі түсті және түссіз төбеге ілінетін

шамын сатып алғаныңызға рахмет! Осы ерекше шамның

көмегімен кез келген сәтке қолайлы жағдай жасауға болады.

Бұл нұсқаулық мына әрекеттерді орындауға көмектеседі:

Жұмысты бастау

Қалау бойынша түстерді таңдап, реттеу

Қалау бойынша бөлмеге түрлі түсті және түссіз жарық беру

Жарық реңктерін жасау

Philips LivingColors түрлі түсті және түссіз шамның қашықтан

басқару құралына басқа шамдарды қосу

Жиі қойылатын сұрақтарға жауап беру

Қосымша қолдау алу

1. Жұмысты бастау

1.Сақтандырғышты ажыратыңыз.

2.Төбеден кабельдер шығып тұратын жерді табыңыз. Төбеде

үш тесік жасап, алдымен сол тесіктерге тығын салып,

одан кейін шамның табақшасын бұрандамен төбеге бұрап

бекітіңіз.

3.Шамның негізгі бөлігін табақшаға қойып, бекітіңіз.

4.Жерге қосу кабелін (әдетте сары/жасыл түсті болады)

шамның ішіндегі жерге қосу элементіне жалғаңыз. «L»

(әдетте қара немесе қоңыр) және «N» (әдетте көк)

сымдарын қосқыштарға жалғаңыз (L/N деп белгіленген)

5.Шамды (қалпақсыз) төбеге бұрандамен бекітілген негізгі

бөлікке қойыңыз. Ортасына екі бұранда бұрап, оны бекітіңіз.

6.Шамға екі лампа бұрап салыңыз

7.Сақтандырғышты және қосқышты қосыңыз

8.Philips LivingColors түрлі түсті және түссіз жарық шығаратын

төбе шамы жоғары қарай сарғылт, ал жан-жағына түссіз

жарық шығарып қосылады.

9.Суретте көрсетілгендей, шам қалпағының екі бөлігін

орнатыңыз. Төменгі бөлігін мүмкіндігінше оңға бұрап, екі

бөлікті бір-біріне бекітіңіз.

10.Артындағы түймесін сырғытып, қашықтан басқару

құралындағы батарея бөлімінің қақпағын ашыңыз. Жинаққа

кіретін 3 AAA батареясын (+ және – жақтарын көрсетілгендей

қаратып) салыңыз.

2. Қалау бойынша жарық түрлерін таңдау және реттеу

Шамның екі лампасын да бір уақытта реттеуге болады

немесе оның түссіз және түрлі түсті жарығын бөлек реттеуге

болады. Басқару үшін, жарықты алдымен таңдау керек. Бұл

жарықты таңдау түймелері арқылы жасалады. Таңдалғанда,

жарық жыпылықтап, қашықтан басқару құралындағы (жарық

шамындағы) жарықты таңдау көрсеткіші жанады. Осыдан

кейін таңдалған жарық түрін қалау бойынша реттеуге болады.

Ешбір жарық түрі таңдалмаса (түсті таңдау көрсеткіші

өшірілгенде), реттеулердің барлығы қашықтан басқару

құралына қосылған бүкіл жарық түрлеріне қолданылады

(мысалы, түссіз бен түрлі түстің жарықтығын бірге азайтуға

болады).

Түстер басқарылатын ретті де өзгертуге болады (мысалы,

әрдайым алдымен түссіз жарықты, ал одан кейін түрлі түсті

KK LivingColors пайдалану нұсқаулығы

жарықты жанатын етіп қоюға болады). Түссіз жарықпен

мынаны орындаңыз: қашықтан басқару құралын шамға

жақындатып, «I» түймесін басып тұрыңыз. Шам 3 рет

жыпылықтайды. Қашықтан басқару құралы сигнал бергенше

«I» түймесін басып тұрыңыз. Одан кейін, осы қадамдарды

түрлі түсті жарықпен қайталаңыз. Осыдан кейін, алдымен

түссіз жарық, ал одан кейін түрлі түсті жарық беріледі.

Егер бір қашықтан басқару құралына бірнеше жарық түрі

қосылған болса («Басқа жарық түрлерін қосу» атты 5-бөлімді

қараңыз), ретті өзгерту жұмысы жоғарыда көрсетілгендей

болады.

3. Қалау бойынша бөлмеге түрлі түсті және түссіз жарық

беру

Төмендегі әрекеттерді орындап, ыңғайлы орта жасаңыз:

Түрлі-түсті жарықты таңдау («Қалау бойынша жарық түрлерін

таңдау және реттеу» атты 2-бөлімді қараңыз)

Түсті реттеу шеңберіндегі керекті түсті түрту. Түсті жақсарту

үшін, саусақты түс шеңберінің бойымен жылжытуға болады.

Түс қанықтығын өзгерту (ағымдағы түске қосымша ақшылдық

беру). Түсті қанықтыру үшін, түс қанықтығын арттыру түймесін,

ал түсті ашық ету үшін, түс қанықтығын азайту түймесін

басыңыз. Түс қанықтығын азайту түймесі басылып тұрса,

түссіз жарық қосылады.

Түсті автоматты түрде ауыстыру режимін қосу. Түс шеңберін

саусақпен айналдырып (бір толық айналым), «I» («Қосу»)

түймесін жылдам басыңыз. Сигнал беріліп, LivingColors

құралы автоматты түрде түсті ауыстыру режиміне ауысады,

яғни шам автоматты түрде түстерді ауыстыра бастайды.

Түстердің ауысу жылдамдығын реттеуге болады.

Жылдамдықты, сағат тілінің бағыты бойынша, жылдам

қарқыннан (түс шеңберіндегі қою көк) баяу қарқынға (күлгін)

өзгертуге болады. Түс шеңберінің кез келген жерін түртуге

болады. Түсті автоматты түрде ауыстыру режимінде түстердің

қанықтығы мен ашықтығын да өзгертуге болады.

Тұрақты түс режиміне қайту үшін, түс шеңберін қайта

айналдырып (бір толық айналым), «0»түймесін басыңыз.

Жарықтығын реттеу. Түрлі түсті жарық күшінің деңгейін

жарықтығын реттеу түймелері арқылы арттырыңыз немесе

азайтыңыз.

Түссіз жарықты таңдау («Қалау бойынша жарық түрлерін

таңдау және реттеу» атты 2-бөлімді қараңыз). Түссіз жарықтың

ашықтығын реттеуге болады, яғни жарық күшінің деңгейін

жарықтығын реттеу түймелері арқылы арттыруға немесе

азайтуға болады.

Түссіз немесе түрлі түсті жарықты ғана өшіруге болады.

Жарық түрін таңдап, «0» түймесін басыңыз. Жарықты қайта

қосу үшін, «I» түймесін басыңыз.

Жарық таңдалмаған болса, түссіз немесе түрлі түсті жарықтың

екеуін де өшіруге болады. Ол үшін, «0» түймесін басыңыз.

Түрлі түсті жарық дереу өшеді, ал түссіз жарық жайлап

сөнеді. Оны да дереу сөндіру керек болса, «0» түймесін қайта

басыңыз. Жарықтарды қайта қосу үшін, «I» түймесін басыңыз.

Үстел шамы соңғы параметрлер бойынша жанады. Бұған қоса,

жарықты реңк түймелерінің бірін басып қосуға да болады.

Шам бірден сол реңкте қосылады («Жарық реңктерін жасау»

атты 4-бөлімді қараңыз).

This manual is related to the following products: