Байланыстар – Samsung BD-D5300 User Manual
Page 156

20
Қазақша
Байланыстар
2-жағдай: Теледидарға дыбыс/бейне кабелі көмегімен жалғану -
Жақсы сапа
1. Дыбыс /бейне кабелі арқылы ойнатқыштың артындағы VIDEO OUT (сары) / AUDIO OUT (қызыл
және ақ) ұяларын теледидардағы VIDEO IN (сары) / AUDIO IN (қызыл және ақ) ұяларына
жалғаңыз.
2. Ойнатқышты және теледидарды қосыңыз.
3. Ойнатқыштың «Бейне» сигналы теледидарда пайда болғанша қашықтан басқару құралындағы
кіріс сигналының таңдағышын басып тұрыңыз.
✎
ЕСКЕРТПЕ
▪
Дыбыс кабелі электр қуаты кабеліне тым жақын орналасқан жағдайда, шу пайда болуы мүмкін.
▪
AV ресиверге жалғау керек болса, AV ресиверге қосылу бөлімін қараңыз. (21-22 беттерді қараңыз)
▪
Кіріс ұяларының саны мен орындары теледидарға қарай әр түрлі болуы мүмкін. Теледидардың пайдаланушы нұсқаулығын
қараңыз.
!
ЕСКЕРТУ
▪
Ойнатқышты теледидарға VCR арқылы жалғамаңыз. VCR ұялары арқылы берілетін бейне сигналдарына авторлық құқықты
қорғау жүйелері әсер етіп, соның нәтижесінде теледидардағы кескін бұрмаланып көрсетілуі мүмкін.
Ақ
Қызыл
Сары
Дыбыс/бейне кабелі