Негізгі мүмкіндіктер – Samsung BD-D5300 User Manual
Page 138

2
Қазақша
Blu-ray дискісінің мүмкіндіктері
Blu-ray дискілері саладағы ең жоғары сапалы
HD бейне пішімін қамтамасыз етеді. Жоғары
сыйымдылық бейне сапасына еш әсер етпейді.
Төмендегі Blu-ray дискісінің мүмкіндіктері
дискіге байланысты және әртүрлі болады.
Мүмкіндіктердің көрінісі мен оларды пайдалану
жолы да дискіге қарай әртүрлі болуы мүмкін.
Төменде сипатталған мүмкіндіктер дискілердің
барлығында бола бермейді.
Бейненің қысқа шолуы
BD-ROM пішімі жоғары жетілдірілген үш бейне
кодекті, соның ішінде AVC, VC-1 және MPEG-2
қолдайды.
Төмендегі HD бейне ажыратымдылықтарына да
қолдау бар:
• 1920 x 1080 жоғары ажыратымдылығы
• 1280 x 720 жоғары ажыратымдылығы
Жоғары айқындықта ойнату
Blu-ray дискісіндегі жоғары айқындықты
мазмұндарды көру үшін, HDTV (Жоғары
айқындықты телевизия) телевизиясы керек
болады.
Кейбір Blu-ray дискілері жоғары айқындықты
мазмұнды көру үшін ойнатқыштың HDMI OUT
ұясын пайдалануды қажет етуі мүмкін.
Blu-ray дискілеріндегі айқындығы жоғары
мазмұнды көру мүмкіндігі теледидардың
ажыратымдылығына байланысты шектеулі болуы
мүмкін.
BD-LIVE
Желі байланысы арқылы диск өндірушісі
қамтамасыз ететін мазмұнды жүктеу үшін, BD-
LIVE мүмкіндігін қолдайтын Blu-ray дискісін
қолдануға болады.
Blu-ray диск ойнатқышының
мүмкіндіктері
Smart Hub
Желі байланысы арқылы түрлі ақылы немесе
тегін қолданбаларды жүктеп алуға болады.
Осы қолданбалар жаңалықтар, ауа райы
болжамдары, қор биржасындағы бағалар,
ойындар, бейне фильмдер және музыка сияқты
түрлі мазмұндар мен интернет қызметтерін
қамтамасыз етеді.
AllShare
Құрылғыларыңыздағы (мысалы, компьютер,
мобильді байланыс құрылғысы немесе
деректерді сақтау жүйесі) бейнелерді, музыканы
және фотосуреттерді желі байланысы арқылы
ойнатуға болады.
Мультимедиа файлдарын ойнату
USB жад құрылғысында анықталған түрлі
мультимедиа файлдарын (MP3, JPEG, DivX,
т.б.) ойнату үшін, USB байланысын пайдалануға
болады.
Негізгі мүмкіндіктер