Жұмысты бастау, Аймақ коды, Авторлық құқық – Samsung BD-D5300 User Manual
Page 148

12
Қазақша
Жұмысты бастау
CD-RW/-R
• 700 Mбайт (80 минуттық) CD-RW/-R
дискілерді пайдаланыңыз.
Мүмкін болса, 800 Mбайт (90 минуттық)
немесе одан үлкен дискілерді қолданбаңыз,
себебі олар ойнатылмауы мүмкін.
• Жабық сеанс ретінде жазылмаған болса, CD-
RW/-R дискісінің бастапқы бөлігін ойнатқан
кезде аздаған кешігулер болуы немесе
жазылған бүкіл файлдар ойнатылмауы мүмкін.
• Жазған құрылғыға байланысты, кейбір CD-
RW/-R дискілері бұл ойнатқышта ойнатылмауы
мүмкін. Жеке қолданысқа арналған ықшам
дискілерінен CD-RW/-R тасушысына жазылған
мазмұнның ойнатылуы мазмұнға және дискіге
байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
AVCHD (Күрделі бейне кодек – жоғары
айқындық)
• Бұл ойнатқыш AVCHD пішімді дискілерді
ойната алады. Бұл дискілер әдетте
бейнекамераларда жазылады және
қолданылады.
• AVCHD пішімі – айқындығы жоғары сандық
бейне камера пішімі.
• MPEG-4 AVC/H.264 пішімі әдеттегі сурет
қысу пішіміне қарағанда суреттерді жақсырақ
қысады.
• Кейбір AVCHD дискілері «x.v.Color» пішімін
қолданады. Бұл ойнатқыш «x.v.Color» пішімін
пайдаланатын AVCHD дискілерін ойната
алады.
• «x.v.Color» – Sony корпорациясының сауда
белгісі.
• «AVCHD» және AVCHD логотипі – Matsushita
Electronic Industrial Co., Ltd. және Sony
корпорациясының сауда белгілері.
✎
ЕСКЕРТПЕ
▪
Жазылу жағдайына қарай кейбір AVCHD пішімді
дискілер ойнатылмауы мүмкін.
AVCHD пішімді дискілерді пішімдеу керек.
▪
«x.v.Color» түс диапазоны қалыпты DVD камкордер
дискілеріндегіге қарағанда кеңірек болады.
▪
Бейне ажыратымдылығы мен кадр жиілігі жағдайына
байланысты кейбір DivX, MKV және MP4 пішіміндегі
дискілер ойнатылмауы мүмкін.
Аймақ коды
Ойнатқыштар да, дискілер де аймақ бойынша
кодталады. Дискті ойнату үшін, осы аймақ
кодтары бір-біріне сәйкес келуі қажет. Кодтар
сәйкес келмесе, диск ойнатылмайды.
Осы ойнатқыштың аймақ нөмірі оның артқы
панелінде көрсетілген.
Диск түрі
Аймақ
коды
Аумақ
Blu-ray
дискісі
A
Солтүстік Америка, Орталық
Америка, Оңтүстік Америка,
Корея, Жапония, Тайвань, Гонконг
және Оңтүстік-шығыс Азия.
B
Еуропа, Гренландия, Француз
аумақтары, Таяу Шығыс, Африка,
Австралия және Жаңа Зеландия.
C
Үндістан, Қытай, Ресей, Орталық
және Оңтүстік Азия.
DVD-VIDEO
1
АҚШ, АҚШ аумақтары және
Канада
2
Еуропа, Жапония, Таяу Шығыс,
Мысыр, Оңтүстік Африка,
Гренландия
3
Тайвань, Корея, Филиппиндер,
Индонезия, Гонконг
4
Мексика, Оңтүстік Америка,
Орталық Америка, Австралия,
Жаңа Зеландия, Тынық мұхиты
аралдары, Кариб теңізі аймағы
5
Ресей, Шығыс Еуропа, Үндістан,
Африканың көп бөлігі, Солтүстік
Корея, Монғолия
6
Қытай
Авторлық құқық
ⓒ2011 Samsung Electronics Co.,Ltd.
Барлық құқықтары қорғалған. Samsung
Electronics Co.,Ltd компаниясының алдын
ала жазбаша рұқсатынсыз осы пайдаланушы
нұсқаулығын ішінара немесе толық қайта басуға
немесе көшіруге тыйым салынады.