Samsung GT-I9506 User Manual
Page 361
Қазақ тілі
360
Жүріп не қозғалып бара жатқанда құрылғыны пайдалануда
сақтық шараларын пайдаланыңыз
• Өзіңізге не басқаларға жарақат түсірмеу үшін әрдайым сыртқы
жағдайларды біліп отырыңыз.
• Гарнитура кабелінің қолдарыңызда немесе жақын нысандарда
шатасып қалмайтынына сенімді болыңыз.
Құрылғыңызды артқы қалталарда немесе беліңізде ұстамаңыз
Құрылғыны құлатып алсаңыз, ол зақымдануы немесе сізді
жарақаттауы мүмкін.
Боямаңыз немесе құрылғыңызға жапсырмалар
жабыстырыңыз
• Бояу және жапсырмалар қозғалатын бөліктеріне кедергі келтіріп,
дұрыс жұмыс істеуіне жол бермеуі мүмкін.
• Құрылғының бояуына немесе бөлшектеріне аллергияңыз болса,
тері қышуы, қышыма пайда болуы немесе ісуі мүмкін. Мұндай
жағдайда құрылғыны пайдалануды тоқтатып, дәрігерден кеңес
алу керек.
Сынған немесе бұзылған болса, құрылғыны пайдаланбаңыз
Сынған әйнек немесе акрил талшық қолдарыңыз бен бетіңізді
жарақаттауы мүмкін. Құрылғыны жөндету үшін Samsung қызмет
көрсету орталығына алып барыңыз.
Ұялы құрылғыларды және жабдықты сақтықпен орнатыңыз
• Көлігіңізге орнатылған ұялы құрылғыларыңыздың немесе оларға
қатысты жабдықтардың берік бекітілгендігіне көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны немесе көмекші құралдарды ауа жастық шығатын
аймақтарға орналастырмаңыз. Ауа жастықтары дереу шыққан
кезде, дұрыс орнатылмаған сымсыз құрылғы денеңізді едәуір
жарақаттауы мүмкін.
Құрылғыңызды түсіріп алмаңыз немесе құрылғыңызға соққы
тигізбеңіз
• Құрылғы зақымдалуы немесе дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
• Егер майысса не пішіні өзгерсе, құрылғыңыз зақымдалуы не
бөлшектері істемей қалуы мүмкін.