13 кепілдік және қызмет көрсету, 14 жиі қойылатын сұрақтар – Philips SCD525 User Manual
Page 108

108
Неліктен мен бөліктердегі қосу|/өшіру
түймелерін басқанымда нәресте бөлігінде
POWER қуат жарығы, ал ата аналар бөлігінде
LINK байланыс жарықтары жанбайды?
• Мүмкін ата аналар бөлігіндегі қайта
зарядталатын батарея топтамасы бос
шығар және ата аналар бөлігі зарядтаушыға
қосылмаған шығар. Құралдың кішкене
шанышқысын зарядтаушыға енгізіп, адапторды
қабырғадағы розеткаға енгізіңіз, және ата
аналар бөлігін зарядтаушыға қойыңыз. Содан
соң қосу/өшіру түймесін басып, нәресте
бөлігімен байланыс орнатыңыз.
• Мүмкін нәресте бөлігіндегі қайта
зарядталмайтын батареялары таусылған
болар және нәресте бөлігі тоққа қосылмаған
шығар. Қайта зарядталмайтын батареяларды
алмастырыңыз немесе нәресте бөлігін тоққа
қосыңыз. Содан соң, қосу/өшіру түймесін
басып, ата аналар бөлігімен байланыс
орнатыңыз.
• Егер ата аналар бөлігіндегі LINK байланыс
жарығы сонда да жымыңдамаса, онда қайта
орнату түймесін басып, бөліктерді бастапқы
бағдарламаларға келтіріңіз.
Неліктен LINK («БАЙЛАНЫС») жарығы ата-
ана модулінде үздіксіз қызыл болып жанып,
дисплейде Searching («Ізделуде») хабары пайда
болады?
• Нәресте бөлігі мен ата аналар бөлігі бір
бірімен байланыс аймағынан тыс шығар.
Екеуінің ара қашықтығын азайтыңыз.
• Мүмкін нәресте бөлігі сөнулі шығар. Нәресте
бөлігін қосыңыз.
• Жұмыс диапазоны тым үлкен болғанымен,
ECO режимі қосылып тұр. Ата-ана модулін
нәресте модуліне жақындатыңыз немесе
ECO режимін өшіріңіз.
Неліктен нәресте бөлігіндегі батарея жарығы
қызыл болып жымыңдайды?
• Мүмкін нәресте бөлігіндегі қайта
зарядталмайтын батареялар таусыла
бастаған болар. Қайта зарядталмайтын
батареяларды алмастырыңыз немесе
нәресте бөлігін тоққа қосыңыз. («Қолдануға
дайындық» тармағын қараңыз).
13 Кепілдік және
қызмет көрсету
Қызмет немесе ақпарат қажет болса, не
болмаса шешілмеген бір мәселе болса, www.
philips.com мекенжайы бойынша Philips
AVENT веб-торабына кіріңіз немесе еліңіздегі
Philips тұтынушыларды қолдау орталығына
хабарласыңыз. Телефон нөмірін дүние жүзі
бойынша берілетін кепілдік кітапшасынан
табуға болады. Еліңізде тұтынушыларды қолдау
орталығы болмаса, жергілікті Philips дилеріне
хабарласыңыз.
14 Жиі қойылатын
сұрақтар
Бұл тармақта құрал туралы жиі қойылатын
сұрақтар тізімі берілген. Егер сіз өз сұрағыңызға
жауапты таппасаңыз, еліңіздегі Тұтынушылар
Қызмет Орталығымен байланысыңыз.
ECO режимі деген не? Бұл режим қоршаған
ортаға қай жағынан пайдалы?
• ECO режимі қуат тұтынуды үнемдеу үшін
жасалған. Нәрестені жақын жерден бақылауға
алыс жерден бақылағанмен салыстырғанда
аз қуат жұмсалады. Нәрестені жақын
жерден бақылағанда ECO режимін орнатуға
болады. ECO режимін қосу арқылы нәресте
бақылағышы аз қуат тұтынып, қоршаған
ортаға пайдасын тигізеді.