Түскі тағамыңызды ащылатып жіберіңіз, Имбирь шырыны, Ақжелкек сорпасы – Philips HR1854 User Manual
Page 40: Тазалау
Түскі тағамыңызды ащылатып жіберіңіз.
Шырын сыққышқа алдымен өте жіңішке имбирь тілімін, содан соң 1 тұтас алманы салып,
сығыңыз. Содан кейін тағы 2 тұтас алманы, 100 гр. асқабақты, 300 гр. сәбізді және 1 қызылшаны
(пісірілген) сығыңыз. Араластырып жіберіп, бірден ұсыныңыз.
имбирь шырыны
300 гр. имбирьді сығыңыз. Сізге итергішке қаттырақ итеру күшін салу керек (10 кг-ға дейінгі
қысу күшімен).
Кеңес: Егер сіз имбирь шырынын үйде жасалған шырындарға дәм беру үшін жиірек қолданбақшы
болсаңыз, сіз оны алдын ала жасап алуыңызға болады. Сіз имбирь шырынын мөрленген ыдысқа
құйып, тоңазытқышта бір аптаға шейін сақтап қоюыңызға болады.
ақжелкек сорпасы
Ингредиенттер:
- 80 гр. май
- 1 литр көкөніс сорпасы
- 50 мл. ақжелкек шырыны (шамамен 1 бас)
- 250 мл. шайқалған қаймақ
- 125 мл. ақ шарап
- Лимон шырыны
- тұз
- 3-4 ас қасық ұн
1
Ақжелкекті пышақпен тазалаңыз.
2
Ақжелкектің шырынын шығарыңыз.
Ескертпе: Бұл құрал 3,6 кг ақжелкекті 2 минутте өңдей алады (қабықтан тазартуға кететін
уақытты қоспағанда). Ақжелкектің шырынын сыққанда 1,2 кг ақжелкекті өңдеген соң құралды
өшіріп, ток көзінен ажыратыңыз, сосын ыдысты, қақпақ және елеуіш торды жұмсақ қоспадан
босатыңыз. Ақжелкекті өңдеп болған соң құралды өшіріп, ол бөлме температурасына дейін
суығанша күтіңіз.
3
Майды ыдысқа ерітіңіз.
4
Ұнды табаға қуырыңыз.
5
Сорпаны қосыңыз.
6
Ақжелкек шырынын қосыңыз.
7
Шайқалған қаймақ пен ақ шарапты қосыңыз.
8
Лимон шырынын және дәміне қарай тұз қосыңыз.
Тазалау
Қырғыш жөке, қырғыш тазалағыш құралдарды немесе жанар май немесе ацетон тәріздес
агрессивті сұйықтықтарды құралды тазалау үшін қолдануға болмайды.
Моторды суға немесе басқа сұйықтыққа батыруға болмайды, немесе кран астындағы сумен
шаюға да болмайды.
Қолданып болғаннан соң бірден тазаласаңыз жеңіл болады.
1
Құралды өшіріп, қабырғадағы розеткадан шанышқыны алып, фильтірі айналып
тоқтағанын күтіңіз.
2
Мотор бөлігінен алынатын бөлшектерді босату үшін, былай жасаңыз:
ҚазаҚша
40