beautypg.com

Жинау – Bosch PST 900 PEL User Manual

Page 54

background image

54 | Қaзақша

1 609 92A 06P | (9.4.13)

Bosch Power Tools

Дірілдеу қуатын нақты есептеу үшін құрал өшірілген және
қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру
қажет. Бұл дірілдеу қуатын бүкіл жұмыс уақытында қатты
төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша
қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.

Сәйкестік мәлімдемесі

Жеке жауапкершілікпен біз „Техникалық мәліметтер“-де
сипатталған өнімнің төмендегі ереже немесе нормативті
құжаттарға сәйкес екенін білдіреміз: EN 60745,
2009/125/EC (1194/2012 бұйрық), 2011/65/EU,
2004/108/EC, 2006/42/EC ережелеріндегі
анықтамалары бойынша.

Техникалық құжаттар (2006/42/EC) төмендегідеi:
Robert Bosch GmbH, Postfach 10 01 56,
D-70745 Leinfelden-Echterdingen

Robert Bosch GmbH, Power Tools Division
D-70745 Leinfelden-Echterdingen
Leinfelden, 03.08.2011

Жинау

Барлық жұмыстардан алдын электр құралының

желілік айырын розеткадан шығарыңыз.

Аралау полотносын орнату/алмастыру

Ара полотносын орнатуда қорғаныш қолғабын

киіңіз. Ара полотносына тию жарақаттану қаупін
тудыруы мүмкін.

Ара полотносын таңдау
Осы нұсқаулық соңында ұсынылатын ара полотнолары
берілген. Тек қана бір тұтқалы ара полотноларын (T-тұтқа)
орнатыңыз. Ара полотносы қажетті кесіктен ұзын болмауы
керек.

Жіңішке кесіктер үшін жіңішке ара полтноларын
пайдаланыңыз.

Ара полотносын салу (A1 суретін қараңыз)
Қажет болса қаптаманы 10 алып қойыңыз ( „Қаптаманы“
қараңыз).

Ара полотносын 19, тістерімен кесік бағытында
көтергішке 16 тірелгенше жылжытыңыз. SDS-тұтқасы 17
автоматты ретте артқа кіріп ара полотносы бекітіледі.
Тұтқаны 17 қолмен артқа баспаңыз, әйтпесе электр
құралы зақымдануы мүмкін.

Ара полотносын орнатуда оның артқы шеті бағыттаушы
дөңгелек 18 ойығында жатысына көз жеткізіңіз.
Ара полотносы бекем тұруына көз жеткізіңіз. Босаң

ара полотносы жарақаттауы мүмкін.

Ара полотносын шығару (A2 суретін қарыңыз)
Ара полотносын шығаруда электр құралын адам

немесе үй жануарларын жарақаттамайтын күйде
ұстаңыз.

SDS-тұтқасын 17 тию қорғанышы 20 бағытында
тірелгенше бұраңыз. Ара полотносы босатылып шығады.

Ара полотнолары қоймасы (PST 900 PEL) (В суретін
қараңыз)
Ара полотнолары қоймасында 21 ұзындығы 110 мм
болатын алты ара полотносын сақтауға болады. Бір
тұтқалы (T-тұтқа) ара полотносын сол үшін арналған ара
полотнолары қоймасының саңылауына салыңыз. Үш ара
полотносы бірінен соң бірі кезектесуі мүмкін.

Ара полотнолары қоймасын жауып, тіреу тақтасының 7
қуысына тірелгенше жылжытыңыз.

Сырғақ (PST 1000 PEL)

Жұқа беттерді өңдеу кезінде сырғақты 11 тіреу тақтасына
7 орнатып, бет сызылуына жол бермейсіз.
Сырғақты 11 орнату үшін оны тіреу тақтасының 7 алдына
асып, артында оны жоғары қарай басып бекітіңіз.

Жарылудан сақтайтын пластина

Жарылудан сақтайтын пластина 22 (жабдық) ағаш
аралауда беттің жарылып кетуінен сақтауы мүмкін.
Жарылудан сақтайтын пластинасын тек арнайы ара
полотносы түлерінде және аралау бұрышы тек 0°
болғанда пайдалану мүмкін. Тіреу тақтасы 7 жарылудан
сақтайтын пластинасымен аралауда шетіне жақын артқа
жылжытылуы мүмкін емес.

Жарылудан сақтайтын пластинасын 22 астынан тіреу
тақтасына 7 басып қойыңыз.
PST 1000 PEL (C суретін қараңыз): Сырғақты 11
пайдаланғанда жарылудан сақтайтын пластинаны 22 тіреу
тақтасына 7 емес сырғаққа орнатылады.

Кесік бақылау „Cut Control“

„Cut Control“ кесік бақылауы дайындамада сызылған
аралауы сызығымен электр құралын нақты басқаруға
мүмкіндік береді. „Cut Control“ жинағы кесік белгілері бар
терезені 12 және электр құралын бекітетін табанды 13
қамтиды.

„Cut Control“ құралын тірек тақтасында бекіту
(D суретін қараңыз)
„Cut Control“ 12 терезесін табандың 13 бекіткіштерінде
бекітіңіз. Табанды жай қысып оны 7 тірек тақтасының 23
бағыттаушысына бекітіңіз.

„Cut Control“ сырғақта бекіту (PST 1000 PEL)
(E суретін қараңыз)
Осындай кесік бақылау жүйелерінде „Cut Control“ 12
терезесін не табанмен 13 тіреу тақтасында 7, не бөлек
сырғақ бекіткіштерінде 11 бекіту керек.
„Cut Control“ 13 табанын тіреу тақтасынан 7 алып
қойыңыз. Табанды жай қысып бағыттаушынан 23
шығарыңыз.

Dr. Egbert Schneider
Senior Vice President
Engineering

Helmut Heinzelmann
Head of Product Certification
PT/ETM9

OBJ_BUCH-1098-003.book Page 54 Tuesday, April 9, 2013 9:34 AM