beautypg.com

Қазақ – Vitek VT-1510 SR User Manual

Page 30

background image

30

ҚАЗАҚ

кейін кофеқайнатқыш күту тəртібіне
қосылады.

• Қосу /сөндіру түймешесін(14) басыңыз,

дисплей (6) жанады, сол кезде бойлер
қызады, дисплейден айналып тұрған
белгіні (29) көресіз.

• Дисплейде сіздің аймағыңыздағы

судың қақтану деңгейін орнатыңыз,
ол үшін түймешені (17) басып үш
секунд бойы басып тұрыңыз, сол кезде
дыбыс белгісі естіледі де дисплейде
өшіп-жанып тұратын белгі (26) пайда
болады. Түймешені қайтадан басып
судың қақтық деңгейін орнатыңыз: НІ-
жоғары қақтану, МІ-орташа қақтану, LO
– аз қақтану.

Ескерту: су құбырынан алынатын

судың қаттылығын тексеру
жолағымен анықтай аласыз.

- жолақты орамадан шығарыңыз

(ормасын лақтырып тастамаңыз)

- жолақты су ағынының астында 1

секундтей ұстап тұрыңыз

- 15 секунд күтіңіз
- Тексеру жолағындағы түстің өзгеруін

орамадағы түстер диаграммасымен
салыстырыңыз

Коф қайнатқыштың дисплейіндегі

судың қаттылығы алынған
нəтижеден ерекшеленетін
болса, қажетті деңгейге дейін су
қаттылығы тетігін бұраңыз.

• Чалдалардағы немесе тартылған

кофені дайындау тəсілін таңдаңыз.
(15) түймешесін басып үш секунд бойы
ұстап тұрыңыз, сол кезде белгілердің
(21 немесе 22) біреуі пайда болады.
Түймешелерді қайталап басып, ұстап
тұрыңыз да қажетті белгіні таңдаңыз.

• Əзірленген сусынның шыныаяқ санын

түймешені (15) басып таңдаңыз, сол
кезде дыбыс белгісі естіледі де екінші
шышыаяқтың (30) белгісі жанады.

• Қосымша құйылатын судың мөлшерін

белгілеу үшін (17) түймешені басып
30-40-50 немесе 60мл белгілерін

таңдаңыз, сол кезде судың мөлшерін
белгілейтін белгілер (28) дисплейде(6)
көрінеді.

• Кофе дайындаудың қажетті

температурасын таңдау үшін (18)
түймешесін басыңыз, температураның
белгілері дисплейден (6) көрінеді. Бір
белгі төмен температураны көрсетеді,
ал максималды температураны 3 белгі
(24) білдіреді.

• Кофені қолдану тəсіліне байланысты

сүзгінің ұстағышына (3) чалдалардағы
немесе тартылған кофені өлшем
қасығымен (33) салыңыз да, тартылған
кофені нығыздағышпен (4) ақырын
басып қойыңыз. Сүзгінің ұстағышын
(3) алдын ала шыныаяқтарды қыздыру
орнында (7) жылытып алу керек.

• Сүзгінің ұстағышын (3) орнына

орнатып, оңға қарай қатты бұраңыз.

• Шыныаяқтарды алдын ала жылытып,

кофенің дайындалу тəсіліне қарай
бір немесе екі шыныаяқты сүзгі
ұстағышының астына орнатыңыз да
кофені дайындау түймешесін (16)
басыңыз. Кофенің қайнату үрдісі
аяқталғаннан кейін екі дыбыс белгісі
естіледі(4 сурет)

• Кофенің қайнату үрдісі аяқталғаннан

кейін сүзгі ұстағышын(3) солға қарай
бұрап (3 сурет) шешіп алыңыз.
Кофенің қалдықтарынан (8 сурет)
тазалап,ұстағышты (3) сумен жуыңыз.

Ескерту: Кофенің қайнату үрдісі

аяқталғаннан кейін шыққан будың
дыбысын естисіз – ол қалыпты
құбылыс.

- Табақшаның (13) толу индикаторын

бақылап тұрыңыз, ол тордың (2)
қуысында пайда болған кезде торды
(2) табақшадан (1), табақшаны
кофеқайнатқыштың түбінен шешіп
алыңыз да табақшадағы (1) суды
төгіп тастаңыз, табақшаны (1)
орнына, торды (2) табақшаға(1) қайта
орналастырыңыз.

1510.indd 30

1510.indd 30

02.04.2008 15:44:00

02.04.2008 15:44:00