Philips S9321-88 User Manual
Page 144

3
Ұстара бастарын ұстара басының ұстағышынан алыңыз. Әр ұстара
басы кескіштен және қорғауыштан тұрады.
Ескертпе: Бір уақытта бірнеше кескішті және қорғауышты
тазаламаңыз, себебі олардың жинақтары бір-біріне сәйкес келеді.
Егер байқаусызда кескіш қате ұстара қорғауышына салынса, тиімді
қыру жұмысының қалпына келуіне бірнеше апта кетуі мүмкін.
4
Кескішті және қорғауышты ағынды су астында тазалаңыз.
5
Тазалаудан кейін кескішті қайтадан қорғауышқа орнатыңыз.
6
Ұстара бастарын ұстара басының ұстағышына қайта орнатыңыз.
Ескертпе: Ұстараның қыратын басының томпиып тұрған бөлігі
тесікке дәлме-дәл түсуі тиіс.
7
Бекіту сақинасының ұстағышын бекіту сақинасына орнатыңыз
(1), оны ұстара басына орнатыңыз (2) және оңға қарай бұрып (3)
бекіту сақинасын қайта бекітіңіз.
Бұл процесті басқа бекіту сақиналары үшін қайталаңыз.
8
Ұстара басының ұстағышын ұстара бөлігінің төменгі бөлігіне
қайта бекітіңіз.
144
ҚАЗАҚША