Philips S9321-88 User Manual
Page 141
2
Ұстараны ұстағыш үстінде жоғары жағын төмен қаратып ұстаңыз.
Ұстараның алды SmartClean жүйесіне қарап тұрғанын тексеріңіз.
3
Ұстараны ұстағышқа қойыңыз (1), ұстараны артқа еңкейтіңіз
(2) және ұстараны қосу үшін жоғарғы қақпақты төмен басыңыз
(«сырт» еткен дыбыс естіледі) (3).
, Батарея белгісі және қосу/өшіру түймесі жыпылықтай бастайды,
бұл ұстараның зарядталып жатқанын көрсетеді.
4
Тазалау бағдарламасын іске қосу үшін SmartClean жүйесіндегі
қосу/өшіру түймесін басыңыз.
, Қосу/өшіру түймесі және шаю белгісі үздіксіз жанады.
Ескертпе: Шаю фазасы шамамен 10 минутқа созылады.
, Құрғату фазасында құрғату белгісі үздіксіз жанады.
Ескертпе: Құрғату фазасы шамамен 4 сағатқа созылады.
, Тазалау бағдарламасы аяқталғанда дайын белгісі үздіксіз жанады.
, Батарея белгісі үздіксіз жанып, ұстараның толығымен
зарядталғанын көрсетеді.
Ескертпе: Зарядтау шамамен 1 сағат алады.
Ескертпе: Тазалау бағдарламасы кезінде SmartClean жүйесінің қосу/өшіру
түймесін бассаңыз, бағдарлама тоқтайды. Бұл жағдайда шаю немесе
құрғату белгісі жыпылықтауын тоқтатады.
Ескертпе: Егер тазалау бағдарламасы кезінде адаптерді розеткадан
суырсаңыз, бағдарлама тоқтайды.
Ескертпе: Тазалау бағдарламасы мен зарядтау аяқталғаннан кейін
30 минут өткесін SmartClean жүйесі автоматты түрде өшеді.
141
ҚАЗАҚША