Philips S9321-88 User Manual
Page 131
- Ұстарамен және SmartClean жүйесімен ойнамас үшін, балаларды
қадағалаусыз қалдыруға болмайды.
- Ағын сумен шаймас бұрын, ұстараны әрдайым розеткадан
ажыратыңыз.
Ескерту
- SmartClean жүйесін суға батыруға немесе ағын су астында шаюға
болмайды.
- Ұстараны 80°C-тан жоғары ыстық сумен шаюға болмайды.
- Зақымдалған ұстараны, SmartClean жүйесін, адаптерді немесе басқа
бөлікті пайдаланбаңыз, себебі бұл жарақаттауы мүмкін. Әрқашан
зақымдалған адаптерді немесе бөлікті түпнұсқа түрінің бірімен
ауыстырыңыз.
- SmartClean жүйесін тек түпнұсқа тазалау картриджімен
пайдаланыңыз.
- Су ағып кетпеу үшін, SmartClean жүйесін әрдайым тұрақты, тегіс
және көлбеу жерге қойыңыз.
- SmartClean жүйесін ұстаны тазалау немесе зарядтау үшін қолданар
алдында міндетті түрде картридж бөлімін жабыңыз.
- SmartClean жүйесі қолдануға дайын болғанда, тазалағыш сұйықтығы
ағып кетпеу үшін, оны қозғалтуға болмайды.
- SmartClean жүйесі ұстараңызды жақсылап тазалайды, алайда ол оны
инфекциядан тазаламайды, сондықтан ұстараны басқа адамдармен
бірге қолданбаңыз.
- Құралды тазалау үшін қысылған ауаны, қыратын шүберектерді,
қырғыш тазалау құралдарын, сондай-ақ бензин немесе ацетон
сияқты сұйықтықтарды пайдалануға болмайды.
- Сумен шайған кезде электр ұстараның төменгі жағындағы тесіктен
су ағуы мүмкін. Бұл — қалыпты жағдай және қауіпті емес, себебі
бүкіл электрондық бөлшектер электр ұстараның ішіндегі су
өткізбейтін қуат бөлігінде орналасқан.
Стандарттарға сәйкестігі
- Ұстара халықаралық деңгейде бекітілген қауіпсіздік ережелеріне сай
келеді. Оны ваннада немесе душта пайдалануға, сондай-ақ ағынды
сумен жууға болады. Қауіпсіздік мақсаттарда ұстара тек сымсыз
түрде жұмыс істейді.
- Ұстара мен SmartClean жүйесі барлық қолданыстағы стандарттарға
және электромагниттік өрістердің әсерлеріне қатысты ережелерге
сай.
Жалпы ақпарат
- Құралдың автоматты кернеу таңдағышы бар, сондай-ақ құрал
кернеуі 100 және 240 вольт аралығындағы розеткаларға арналған.
- Адаптер 100-240 вольтты 24 вольттан төмен қауіпсіз кернеуге
түрлендіреді.
- Ең жоғарғы шу деңгейі: Lc= 69 дБ (A).
ҚАЗАҚША
131