Philips S9321-88 User Manual
Page 134

, Тасымалдау құлпының белгісі жыпылықтайды, одан кейін үздіксіз
жанады.
Электр ұстара енді қолдануға дайын.
Ескертпе: Сондай-ақ, құрылғыны желіге қосу арқылы тасымалдау
құлпын өшіруге болады.
Ұстара бастарды ауыстыру
Жақсылап қырыну үшін ұстара бастарын әр екі жыл сайын ауыстырып
отыруды ұсынамыз.
- Құрылғы ұстара бастарын ауыстыру туралы еске салатын ауыстыру
туралы еске салғышпен жабдықталған. Ауыстыру туралы еске
салғыш ақ түспен үздіксіз жанады және көрсеткілер ақ түспен
жыпылықтайды. Сіз ұстара бастарын ауыстыру керек екенін
білдіретін дыбыстық сигналды естисіз.
Ескертпе: Ұстара бастарын ауыстырғаннан кейін қосу/өшіру түймесін
7 секунд бойы басу арқылы ұстараны бастапқы қалпына келтіру керек.
Леп белгісі
Бітелген ұстара бастары
- Егер ұстара бастары бітелсе, леп белгісі қызғылт сары түспен
үздіксіз жанады. Ауыстыру туралы еске салғыш және тазалау туралы
еске салғыш алма-кезек ақ түспен жыпылықтайды және дыбыс
естіледі. Бұл жағдайда мотор жұмыс істей алмайды, себебі ұстара
бастары ластанған немесе зақымдалған.
- Мұндай жағдайда ұстара бастарын тазалау немесе алмастыру қажет.
Қызып кету
- Егер зарядтау кезінде құрылғы қызып кетсе, леп белгісі қызғылт
сары түспен жыпылықтайды.
- Мұндай жағдайда ұстара автоматты түрде өшеді. Зарядтау құрылғы
қалыпты температураға оралғаннан кейін жалғасады.
134
ҚАЗАҚША