Қабырғаға теледидарды орнату, Қажетті кабельді (кабельдерді) теледидарға жалғау, Теледидарды тұғырға орнату – Sony KD-65X8505B User Manual
Page 271

− 10 (KZ) −
Қабырғаға теледидарды
орнату
1
Қажетті кабельді (кабельдерді)
теледидарға жалғау.
Теледидарды қабырғаға орнатпас бұрын
кабельдердің жалғанғанын тексеріңіз.
Теледидарды орнатқаннан кейін
кабельдерді жалғау мүмкін болмайды.
Теледидармен берілетін Анықтамалық
нұсқау бөлімін қараңыз.
Ескерту
Кабельді қабырға ішімен жүргізу жұмыстарын
лицензиясы бар мердігер жасауы керек.
Кабельдерді қабырғаға бекітпес бұрын оларды
басып кетпес үшін жалғанатын кабельдерді
жинаңыз.
2
Теледидарды тұғырға орнату.
Шкивтердің тұғырда бекітілетін
орнын анықтау үшін 7-беттегі
«Орнатылатын орынды анықтау»
бөліміндегі 3-қадамның кестесін
қараңыз.
Теледидарды екі қолыңызбен мықтап
ұстап теледидардың артына бекітілген
шкивтерді саңылаулардың кескініне
сəйкестендіре отырып тұғырға
ақырын бекітіңіз.
ТД-ды қабырғаға орнатқаннан кейін
тегершіктер негізге немесе Негізгі
адаптерге бекем ілінгендігін тексеріңіз.
2-a
2-b
ЕСКЕРТУ
Жұмыс істеу кезінде екі немесе одан да көп адам
теледидарды ұстап тұруы керек.
3
Теледидардың төменгі бөлігінің
жылжып кетуін болдырмау.
Белдікті алып, оны қабырғаға мықтап
бекітіңіз.
2-a
2-b
Диаметрі 5 мм болатын немесе ұқсас
бұранданы пайдаланыңыз (берілмеген).
Ескерту
Теледидардың алға қарай жылжымайтынын тексеру
үшін теледидардың төменгі бөлігін өзіңізге қарай
ақырын тартып көріңіз. Жылжитын болса, дұрыс
бекітілмеген болғаны жəне белдікті қайта
бекітіңіз.