Қазақша – Philips HD6103 User Manual
Page 49

49
Кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips
компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін, өніміңізді www.philips.com/
welcome веб-торабында тіркеңіз.
Жалпы сипаттама (Cурет 1)
A Қуыратын себет
B Қақпақ
C ’MIN’ және ‘MAX’ көрсеткіштері
D Ток сымын сақтау бөлігі
E Тоқ сымы
F Бірыңғай тұтқа
G Бөлек сандық таймер
H Қосу/өшіру түймесі
I Температураны бақылаушы
J Алдын-ала тазалау функциясы
K Температура шамы
L Қақпақты шешетін тұтқа
M Ішкі ыдыс
N Құйатын құрал
O Май құятын ыдыс
Маңызды ақпарат
Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығып, болашақта
анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Қауіпті!
- Электір бөлшектері бар негізді және қыздыру элементін ешқашан суға батырмаңыз
немесе ағын су астында шаймаңыз.
абайлаңыз!
- Құралды қоспас бұрын, онда көрсетілген кернеудің жергілікті желі кернеуіне сәйкес
келетінін тексеріп алыңыз.
- Штепсельдік ұшы, ток сымы немесе өзі зақымданған болса, құралды қолданбаңыз.
- Ток сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны тек Philips қызмет
көрсету орталығында, Philips ұсынған қызмет көрсету орталығында немесе тиісті білімі
бар мамандар алмастыру керек.
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны пайдалану
нұсқауларынсыз, мүмкіндігі мен ойлау қабілеті шектеулі, сондай-ақ білімі мен тәжірибесі
аз адамдардың (соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолдануына болмайды.
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.
- Ток сымын балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз. Құрал тұрған беттің немесе
үстелдің шетінен ток сымы салбырап тұрмауы тиіс.
- Құрылғыны тек жерге қосылған розеткаға жалғаңыз.
- Қуырып жатқанда, ыстық бу фильтр арқылы шығады. Қолдарыңыз бен бетіңізді қауіпсіз
қашықтықта ұстаңыз. Сонымен бірге, қақпақты ашқан кезіңізде де ыстық будан сақ
болуыңыз керек.
- Бұл құрылғы сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан басқару құралымен
басқарылмайды.
Ескерту
- Тексеру немесе жөндету үшін, құралды тек Philips компаниясы мақұлдаған қызмет
орталығына апарыңыз. Құралды өзіңіз жөндеген жағдайда, кепілдік өз күшін жояды.
ҚазаҚша