Ата аналар бөлігіне пейджинг жіберу, Жұмыс жасау аймағынан тыс деген ескертпе, Микрофон сезімталдығы – Philips SCD510/00 User Manual
Page 71: Қайта қосу қызметі
Кеңес: Егер сіз нәресте бөлігін батареядан жұмыс жасатып жатқан болсаңыз, онда түнгі
жарықты сөндіріп қойыңыз. Бұл қуатты үнемдейді!
ата аналар бөлігіне пейджинг жіберу
Егер сіз ата аналар бөлігін жоғалтып алсаңыз, және ол сөндірулі тұрған болса, онда сіз нәресте
бөлігіндегі PAGE (пейджер) түймесін қолданып, ата аналар бөлігін тауып алуыңызға болады.
Есте сақтаңыз: Пейджинг функциясы тек ата аналар бөлігі қосулы болса ғана жұмыс жасайды.
1
Нәресте бөлігіндегі Пейдж түймесін басыңыз (Cурет 24).
Ата аналар бөлігі пейджер дыбысын шығарады.
Пейджинг ескертпе дыбысын тоқтату үшін, Пейдж түймесін қайта басыңыз немесе ата
аналар бөлігіндегі кез келген түймені басыңыз.
Жұмыс жасау аймағынан тыс деген ескертпе
Ата аналар бөлігі нәресте бөлігінің қамыту аймағынан тыс жерде болса, ата аналар бөлігі анда
санда бип дыбысын шығарып отырады. Ата аналар бөлігіндегі LINK (Байланыс) жарығы
қызыл болып жымыңдайды.
Есте сақтаңыз: Нәресте бөлігі сөніп қалғанда да ата аналар бөлігінедіг LINK (Байланыс)
жарығы қызыл болып жымыңдайды.
Микрофон сезімталдығы
Сіз нәресте бөлігіндегі микрофон сезімталдығын ата аналар бөлігіндегі SENSITIVITY
(Сезімталдық) түймесі арқылы өзіңізге керекті деңгейге орната аласыз. Сіз микрофон
сезімталдығын тек ата аналар бөлігі мен нәрсете бөлігі арасында байланыс орныққанда ғана
алмастыра аласыз, мәселен, ата аналар бөлігіндегі LINK (Байланыс) жарығы тоқтаусыз жасыл
болып жанып тұрғанда.
1
Ата-аналар бөлігіндегі СЕЗІМТАЛДЫҚ түймесін бір сәтке басыңыз. (Cурет 25)
Ата-аналар бөлігіндегі дыбыс деңгей жарығы шамамен 2 секундтай жанып, сол
кездегі сезімталдық деңгейін көрсетеді.
Ата-аналар бөлігіндегі + және - дыбыс түймесін сәл басып, нәресте бөлігіндегі өзіңізге
керекті микрофон сезімталдығы деңгейін таңдаңыз.
Бір жарық жанулы = минималды сезіну деңгейі
Барлық жарықтар жанулы = максималды сезіну деңгейі
Есте сақтаңыз: Нәресте бөлігіндегі микрофон сезімталдығы тым жоғары орнатылған кезде, ол
көбірек дыбыстарды теретін болады, демек ол жиірек сол дыбыстарды жеткізеді.
Нәтижесінде, бөлік қуатты көбірек жұмсайды.
Қайта қосу қызметі
Бұл қызмет сізге ата аналар мен нәресте бөліктеріне алдын ала орнатылған
бағдарламаны қоюға мүмкіндік береді. Сіз бұл қызметті егер келелі мәселе алдыңызға тұрып, ал
сіз оны «жиі қойылатын сұрақтар» тармағында берілген кеңестер арқылы шеше алмаған кезде
қолдануыңызға болады. Сіз әр бір бөлікті жеке қайта қосуыңыз керек.
1
Ата аналар бөлігін сөндіру үшін, қосу/өшіру түймесін басыңыз. Ата аналар бөлігіндегі
кішкене шанышқыны суырып, адапторды қабырғадағы розеткадан суырыңыз (Cурет 13).
Дауыс деңгейін төмендету үшін, (-) түймесін басып, ұстап тұрыңыз. Кішкене құрал
шанышқысын ата аналар бөлігіне кіргізіп, адапторды қабырғадағы розеткаға
кіргізіңіз (Cурет 26).
Дауыс деңгейін төмендететін (-) түймесін ата аналар бөлігі күту режиміндегі
бағдарламалар бойынша автоматты түрде қайта қосылғанша жібермей ұстап тұрыңыз.
,
,
,
,
ҚазаҚша
71