beautypg.com

Құралды қолдану, Нәресте бақылаушысын орнықтыру, Жұмыс жасау аймағы – Philips SCD510/00 User Manual

Page 69

background image

Батареялар толығымен зарядталғанда, батарея жарығы тоқтаусыз жасыл болып жанады.

Ата аналар бөлігін алғаш рет зарядтағанда немесе көптен бері қолданбай келіп, қайта

зарядтағанда, оны сөндіріп, тоқтаусыз 10 сағат бойы зарядтаңыз.

Әдетте зарядтау 8 сағат алады. Алайда, егер ата-аналар бөлігі зарядталып жатқанда қосулы

болса, онда ол уақыт ұзағырақ болады. Егер сіз зарядтау уақытын мүмкіндігінше қысқа

еткіңіз келсе, онда ата-аналар бөлігін зарядтап жатқанда сөндіріп қойыңыз.

Батареялар толығымен зарядталғанда, ата-аналар бөлігін тоқ сымысыз кем дегенде 24

сағат бойы қолдануға болады.

Есте сақтаңыз: Ата-аналар бөлігінің батареялары алғашқы рет толығымен зарядталғанда,

олар 24 сағат уақытынан азырақ қызмет көрсетеді. Батареялар өзінің толық мүмкіндігіне

тек төрт рет толығымен зарядталып, босатылғанда ғана жетеді.
Есте сақтаңыз: Ата аналар бөлігі тоққа қосулы тұрмаса немесе тіпті олар сөндірулі болса да,

батареялары жәймен таусыла бастайды.

Құралды қолдану

1

Байланысты тексеру үшін, ата аналар бөлігі мен нәресте бөлігін бір бөлмеге

қойыңыз (Cурет 10).

Нәресте бөлігі ата аналар бөлігінен ең кем дегенде 1 метр/3 фут қашықтықта болуы тиіс.

Нәресте бөлігіндегі қосу/өшіру түймесін басып, қуат қосулы дегенді білдіретін жасыл

жарық жанғанша, ұстап тұрыңыз. (Cурет 11)

Есте сақтаңыз: Қуат қосулы дегенді білдіретін жарық әрдайым жасыл болып жанады, тіпті

ата аналар бөлігімен байланыс орнталымаған болса да.

Түнгі жарық бір сәтке жанып, содан соң сөнеді.

Батарея жарығы T бір сәтке жанып, содан соң сөнеді. (Cурет 12)

Ата аналар бөлігіндегі қосу/өшіру түймесін басып, дауыс деңгейі жарығы бір сәтке

жанғанша ұстап тұрыңыз. (Cурет 13)

Батарея жарығы бір сәтке жанады (Cурет 14).

LINK (Байланыс) жарығы қызыл болып жымыңдайды. (Cурет 15)

Ата аналар бөлігі мен нәресте бөлігі арасында байланыс орнағанда, ата аналар бөлігіндегі

LINK (Байланыс) жарығы жасыл болып, тоқтаусыз жанып тұрады (Cурет 16).

Егер еш байланыс орнамаса, ата аналар бөлігінедіг LINK (Байланыс) жарығы

жымыңдағанын тоқтатып, тоқтаусыз қызыл болып жанады. Ата аналар бөлігі анда

санда бип дыбысын шығарып отырады. (Cурет 17)
нәресте бақылаушысын орнықтыру

1

Нәресте бөлігін өзіңіздің нәрестеңізден ең кем дегенде 1 метр/3 фут қашықтықта

қойыңыз (Cурет 18).

Ата аналар бөлігін нәресте бөлігі жұмыс жасайтын аймағына қойыңыз. Акустикалық

жаңғырық болмас үшін, оның нәресте бөлігінен кем дегенде 1 метр/3 фут екендігін

тексеріңіз (Cурет 19).

Жұмыс жасайтын аймақ жөнінде толығырақ ақпарат алу үшін, «Жұмыс жасау аймағы»

тармағын қараңыз.

Жұмыс жасау аймағы

Нәресте бақылаушының қызмет көрсету аймағы ашық ауада 330 метр/1000 фут болып келеді.

Қоршаған ортаға және басқа кедергі келтіретін факторларға байланысты, бұл қызмет көрсету

аймағы кішірек болуы мүмкін. Үй ішіндегі қызмет көрсету аймағы 50 метр/150 фут болып

келеді.

,

-

-

-

,

,

,

,

,

,

ҚазаҚша

69