Қауіпті, Ескерту, Сақтандыру – Philips SCD510/00 User Manual
Page 67: Жалпы, Электромагниттік өріс (эмө)
Қауіпті
Нәресте бақылаушының ешқандай бөлігін суға немесе басқа сұйықтыққа батыруға
болмайды.
Ескерту
Құралды қосар алдында нәресте бөлігіндегі адапторда және зарядтаушы құралда
көрсетілген вольтаж жергілікті қамтамасыз етілетін вольтажбен сәйкес келетіндігін
тексеріп алыңыз.
Нәресте бөлігін тоққа қосу үшін тек қосымша қамтамасыз етілген адапторды ғана
қолданыңыз.
Ата аналар бөлігін зарядтау үшін тек қосымша берілген адапторды ғана қолданыңыз.
Адапторда трасформер бар. Адапторларды кесіп, оның орнына басқа шанышқы
орнатпаңыз, себебі бұл қауіпті жағдай туғызуы мүмкін.
Қауіпті жағдай туғызбас үшін, адапторларға зақым тиген болса, оларды текқана түпнұсқалы
түрімен ғана алмастырыңыз. Дұрыс түрін табу үшін, «Алмастыру» тармағын қараңыз.
Нәресте қадағалаушысын дымқыл немесе суға жақын жерге қоймаңыз.
Электр сандырағын алмас үшін, нәресте және ата-ана бөліктерінің орнын ашпаңыз, тек
батарея орнын ғана ашуға болады.
Бұл құралмен, егер осы құралды қолдану жөнінде олардың қауіпсіздігіне жауапты адамнан
нұсқау алған болмаса немесе оның қадағалауымен қолданып жатпаған болса, физикалық
сезімталдығы төмен немесе ақылы кем адамдар, немесе білімі мен тәжірибесі аз адамдар
(жас балаларды да қоса) қолдануына болмайды.
Құралмен ойнамас үшін, балаларды қадағалаусыз қалдыруға болмайды.
сақтандыру
Құралды тек 10°C және 40°C температурасы аралығында ғана зарядтауға, қолдануға және
сақтауға болады.
Нәресте және ата аналар бөлігін қатты ыстыққа, қатты суыққа, немесе тікелей күн шуағына
шалмаңыз.
Нәресте бөлігі мен тоқ сымы, нәрестелердің қолы жетпейтін жерде екендігін әрдайым
тексеріп тұрыңыз (Ең кем дегенде 1 метр/3 фут қашықтықта).
Нәресте бөлігін бөпенің төсегіне немесе манежінің ішіне қоймаңыз.
Ата-аналар және нәресте бөліктерін ешқашан еш нәрсемен жаппаңыз (мәселен, сүлгі
немесе көрпеше).
Нәресте бөлігіне әрдайым қайта зарядталмайтын батареялардың керекті түрін ғана
салыңыз.
Ата-аналар бөлігіне әрдайым қайта зарядталатын батареялардың керекті түрін ғана
салыңыз.
Егер сіз ата аналар бөлігін қабылдаушы немесе басқа DECT құралы жанына қойсаңыз
(мәселен DECT телефоны), онда нәресте бөлігімен байланыс жоғалуы мүмкін.
Жалпы
Бұл нәресте бақылаушысы тек көмекші құрал ретінде ғана жасалған. Ол жауапкершілікті
және орнықты ересек бақылау орнын алмастыра алмайды, және оны сондай мақсатпен
қолдануға болмайды.
Электромагниттік өріс (ЭМӨ)
Осы Philips/Avent құралы Электрoмагниттік өріске (ЭМӨ) байланысты барлық стандарттарға
сәйкес келеді. Егер осы құралды қосымша берілген нұсқаудағыдай ұқыпты қолданған болса,
онда бұл құрал, бүгінгі таңдағы белгілі ғылыми зерттеулер бойынша, қолдануға қауіпсіз болып
келеді.
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
ҚазаҚша
67