Үтік табанын тазалау, Сақтау, Ақаулықтарды жою – Philips GC7833/80 User Manual
Page 129
Қақ тазалау процесін орындау әдісі туралы ақпарат үшін келесі сілтеме бойынша бейнелерді қараңыз:
http://www.philips.com/descaling-iron.
Үтік табанын тазалау
Құралды дұрыс сақтау үшін оны әрдайым тазалап тұрыңыз.
1
Құралды дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
2
Дақтарды оңай және тиімді түрде кетіру үшін, үтіктің табанын қыздырып, ылғал шүберекке
ысқылаңыз.
Кеңес: Тегіс сырғуды қамтамасыз ету үшін үтіктің табанын кезеңді түрді тазалаңыз.
Сақтау
1
Бу генераторын өшіріп, ток көзінен ажыратыңыз.
2
Бу ыдысындағы суды шұңғылшаға (сурет 26) төгіңіз.
3
Су жеткізу шлангісін бүгіңіз. Су жеткізу шлангісін су жеткізу шлангісі сақталатын бөлімнің ішіне орап,
оны сақтау ілмегімен (сурет 27) бекітіңіз.
4
Ток сымын бүгіп, Velcro таспасымен (сурет 28) бекітіңіз.
5
Тасымалдау бекітпесін босату түймесін басып, үтікті түпқоймасына (сурет 29) құлыптаңыз.
6
Үтік түпқоймаға (сурет 30) бекітілгенде үтіктің тұтқасынан ұстап бір қолмен алып жүруге болады.
Ақаулықтарды жою
Бұл тарауда құрылғыда жиі кездесетін мәселелер аталып өтеді. Төмендегі ақпараттың көмегімен
мәселені шеше алмасаңыз, жиі қойылатын сұрақтар тізімін көру үшін
торабына кіріңіз немесе еліңіздегі Тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.
Мәселе
Ықтимал себеп
Шешім
Үтік бу шығармайды.
Су ыдысындағы су
жеткіліксіз.
Су ыдысын МИН көрсеткішінен көбірек
толтырыңыз. Бу шыққанша бу қосқышын
басып тұрыңыз. Бу шыққанша 30 секундқа
дейін кетуі мүмкін.
Бу шығару түймесін
баспағансыз.
Бу шыққанша бу қосқышын басып тұрыңыз.
Бу функциясы қақ тазалау
процесін орындағанша
өшірілді.
Бу функциясын қайта қосу үшін қақ тазалау
процесін орындаңыз. («Тазалау және
техникалық қызмет көрсету» тарауын
қараңыз)
Үтіктеу сеансы басында бу
шығарғыш жеткілікті түрді
ұзақ басылмады.
Бу шыққанша бу қосқышын басып тұрыңыз.
Бу шыққанша 30 секундқа дейін кетуі
мүмкін.
ҚАҚ ТАЗАЛАУ түймесі
жыпылықтайды және
құрал дыбыстық сигнал
шығарады.
Бұл — қақ тазалау еске
салғышы.
Қақ тазалау еске салғышы ескерткенде қақ
тазалау процесін орындаңыз («Тазалау
және техникалық қызмет көрсету» тарауын
қараңыз).
129
Қазақша