Кіріспе, Өнімге жалпы шолу (1-сурет), Philips компаниясының ерекше технологиясы – Philips GC7833/80 User Manual
Page 125: Optimaltemp технологиясы, Compact provelocity технологиясы, Пайдалануға дайындау, Пайдаланылатын су түрі, Өнімге жалпы шолу (1- сурет )
Қазақша
Кіріспе
Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips ұсынатын
қолдауды толық пайдалану үшін өнімді www.philips.com/welcome торабында тіркеңіз.
Құралды пайдаланбастан бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын, маңызды ақпарат парақшасын және
жылдам бастау нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз. Келешекте қарау үшін оларды сақтап қойыңыз.
Өнімге жалпы шолу (1-сурет)
1
Су жеткізу шлангісі
2
Бу шығарғыш/буды күшейту
3 «
Үтік дайын» жарығы
4
Үтіктің табаны
5
Үтіктің түпқоймасы
6
Тасымалдау бекітпесін босату түймесі
7
Су ыдысын толтыру есігі
8
Су жеткізу шлангісін сақтау орны
9
Штепсельдік ұшы бар қуат сымы
10
Шамы бар ҚАҚ ТАЗАЛАУ түймесі
11
Қуат қосу және авто өшіру шамы бар қосу/өшіру түймесі
12
Жарығы бар ECO түймесі
13
Зерделі қақ тазалау ыдысы
Philips
компаниясының ерекше технологиясы
OptimalTemp
технологиясы
OptimalTemp
технологиясы үтіктеуге болатын бүкіл мата түрлерін үтік температурасын реттеусіз және
киімдерді сұрыптаусыз кез келген ретте үтіктеуге мүмкіндік береді.
Ыстық табаны кері үтік түпқоймасына қоймай тікелей үтіктеу тақтасына (сурет 2) қойған дұрыс. Бұл
білектегі қысымды азайтуға көмектеседі.
The Woolmark Company Pty Ltd
компаниясы бұл үтікті тек жүннен жасалған өнімдерді үтіктеуге
қолдануды бекіткен. Тек киімді киім жапсырмасындағы және осы үтік өндірушісінің нұсқауларына сай
үтіктеу керек. R1901. Ұлыбританияда, Ирландияда, Гонконгта және Үндістанда «Woolmark» сауда
белгісі сертификатталған сауда белгісі болып табылады.
Compact ProVelocity
технологиясы
Бұл технология бүктеліп қалған қыртыстарды жеңіл кетіру үшін терең енетін үздіксіз буды жеткізеді.
Дәл сол уақытта оңай сақтай алу үшін құралды дәстүрлі бу генераторларына қарағанда барынша
ықшам және жеңіл күйде сақтайды.
Пайдалануға дайындау
Пайдаланылатын су түрі
Бұл құрылғы құбыр суымен пайдалануға арналған. Дегенмен, егер қатты су аймағында тұрсаңыз, қақ
жылдам пайда болуы мүмкін. Сондықтан, құрылғының қызмет мерзімін ұзарту үшін дистильденген
немесе минералсызданған суды пайдалану ұсынылады.
125
Қазақша