Буды күшейту функциясы, Тігінен үтіктеу, Қауіпсіз орын – Philips GC7833/80 User Manual
Page 127: Қуатты үнемдеу, Эко режимі
2
ТУРБО режимін өшіру үшін шам көк түспен жанғанда қосу/өшіру түймесін қайтадан 2 секунд бойы
басып тұрыңыз.
Буды күшейту функциясы
Қиын қатпарларды кетіру үшін, буды күшейту функциясын қолданыңыз.
1
Бу шығару түймесін екі рет жылдам (сурет 11) басыңыз.
Тігінен үтіктеу
Абайлаңыз! Үтіктен ыстық бу шығады. Киімді біреу киіп тұрғанда (сурет 12) оның
қыртысын кетіруге әрекет етпеңіз. Үтіктің жанында өзіңіздің немесе басқа біреудің қолы
тұрса, буды шығармаңыз.
Ілулі тұрған матаның қыртысын кетіру үшін булы үтікті тігінен пайдалануға болады.
1
Үтікті тік позицияда ұстап, бу шығару түймесін басып, киімге үтіктің табанын жайлап тигізіп, үтікті
жоғары және төмен (сурет 13) жылжытыңыз.
Қауіпсіз орын
Киімді қайта орналастыру кезінде үтікті қалдыру
Киімді қайта орналастыру кезінде үтікті түпқоймаға немесе көлденеңінен үтіктеу тақтасына (сурет 2)
қоюға болады. OptimalTemp технологиясы үтіктің табаны үтіктеу тақтасының жабынын бүлдірмейтінін
қамтамасыз етеді.
Қуатты үнемдеу
Эко режимі
ECO
режимін пайдалану арқасында (будың шығуын азайтады) үтіктеу нәтижесіне әсер етпестен
энергияны үнемдеуге болады.
1 ECO
режимін белсендіру үшін ECO түймесін (сурет 14) басыңыз. Жасыл ECO шамы қосылады.
2 ECO
режимін тоқтату үшін ECO түймесін қайта басыңыз. Жасыл ECO шамы өшеді.
Қауіпсіз автоматты өшіру режимі (yлгілерге арналған GC7833,
GC7831)
-
Энергияны үнемдеу үшін құрал 5 минут қолданылмай тұрса, автоматты түрде өшіп қалады.
Қосу/өшіру түймесіндегі автоматты өшетін шам жыпылықтай бастайды.
-
Құралды қайта іске қосу үшін қосу/өшіру түймесін басыңыз. Содан соң, құрал қайта қыза бастайды.
Абайлаңыз! Құрал розеткаға қосылып тұрса, оны бақылаусыз қалдырмаңыз. Қолданып
болған соң құрылғыны міндетті түрде розеткадан ажыратыңыз.
127
Қазақша