beautypg.com

Тазалау және техникалық қызмет көрсету, Смарт қақ тазалау жүйесі, Дыбыспен және шаммен қақ тазалау еске салғышы – Philips GC7833/80 User Manual

Page 128

background image

Тазалау және техникалық қызмет көрсету

Смарт қақ тазалау жүйесі

Құралда жиі қақты кетіріп, тазалауды қамтамасыз ететін зерделі қақ тазалау жүйесі бар. Бұл буды

қаттырақ шығаруға және уақыт өте келе үтік табанынан кір мен дақтардың ақпауына көмектеседі.

Тазалау процесінің орындалғанына сенімді болу үшін, бу генераторы әдетте еске салып отырады.

Дыбыспен және шаммен қақ тазалау еске салғышы

1–3

ай пайдаланудан кейін қақ тазалау шамы жыпылықтай бастайды және құрал қақ тазалау процесін

(

сурет 15) орындау қажет екенін көрсету үшін дыбыстық сигнал шығара бастайды.

Бұдан басқа бу генераторында қақ жиналмауы үшін екінші қорғау әрекеті біріктірілген: қақты кетіру

орындалмаса, бу шығару функциясы ажыратылады (сурет 16). Қақ тазарту орындалғаннан кейін бу

шығару функциясы қалпына келтіріледі. Бұл қолданылған су түріне қарамастан орындалады.

Ескерту: Қақ тазалау процесі кез келген уақытта орындалуы мүмкін, тіпті дыбыс және шам еске

салғышы белсендірілмеген кезде.

Қақ тазалау ыдысының көмегімен қақ тазалау процесін

орындау

Абайлаңыз! Қақ тазалау процесі кезінде құралды қараусыз қалдырмаңыз.

Абайлаңыз: Қақ тазалау ыдысының көмегімен қақ тазалау процесін үнемі орындаңыз. Үтікті қақ

тазалау ыдысынан көтеру арқылы процесті үзбеңіз, өйткені табаннан ыстық су мен бу шығады.

1

Су ыдысын жартылай (сурет 17) толтырыңыз.
Ескерту: Қақ тазалау процесі кезінде құрал тоққа қосылып тұрғанын және ҚОСУ күйінде екенін

тексеріңіз.

2

Қақ тазалау ыдысын үтіктеу тақтасына немесе кез келген басқа тегіс, тұрақты жерге қойыңыз.

3

Үтікті қақ тазалау ыдысына (сурет 19) қозғалмайтын етіп қойыңыз.

4

Қысқа дыбыстық сигналдарды естігенше ҚАҚ ТАЗАЛАУ түймесін 2 секунд басып тұрыңыз.
Ескерту: Қақ тазалау ыдысы қақ тазалау процесінің барысында қақ бөлшектерін және ыстық суды

жинауға арналған. Бүкіл процесс барысында үтікті осы ыдысқа қою мүлде қауіпсіз.

5

Қақ тазалау процесі кезінде қысқа дыбыстық сигналдарды және соратын дыбысты (сурет 21)

естисіз.

6

Процесс аяқталғанша, шамамен 2 минуттай күтіңіз. Қақ тазалау процесі аяқталған кезде үтік

дыбыстық сигнал шығаруды тоқтатады және ҚАҚ ТАЗАЛАУ шамы жыпылықтауды қояды.

7

Үтікті шүберекпен сүртіп алып, негізге (сурет 23) қойыңыз.
Абайлаңыз: Үтік ыстық.

8

Қақ тазалау процесі кезінде қақ тазалау ыдысы ыстық болатындықтан оны ұстамас бұрын шамамен
5

минуттай күте тұрыңыз. Одан кейін қақ тазалау ыдысын шұңғылшаға апарып төгіңіз де, кейін тағы

пайдалану (сурет 24) үшін сақтап қойыңыз.

9

Қажет болғанда 1–8 қадамдарын қайталауға болады. Қақ тазалау процесін бастамай тұрып қақ

тазалау ыдысын босатыңыз.
Ескерту: Қақ тазалау процесінің барысында үтік ішінде қақ жиналмаған болса, табаннан таза су

шығуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай.

128

Қазақша