Philips SCD510 User Manual
Page 76

2
Нәресте және ата-аналар бөліктерінің екеуін де дымқыл шүберекпен сүртіп тазалаңыз.
Бөліктерді ток көзіне қосар алдында олардың құрғақ екендігін тексеріңіз.
3
Адапторды кебу шүберекпен тазалаңыз.
Сақтау
- Нәресте қадағалаушысын біраз уақыт бойы қолданбайтын болсаңыз, нәресте бөлігіндегі
қайта зарядталмайтын батареяларды және ата аналар бөлігіндегі қайта зарядталатын
батареяларды алып қойыңыз. Ата аналар бөлігін, нәресте бөлігін, зарядтаушыны және
адапторды салқын және кебу жерде сақтаңыз.
ауыстыру
Нәресте бөлігі
Батареялар
Нәресте бөлігіндегі қайта зарядталмайтын батареяларын тек төрт қайта зарядталмайтын 1.5V
R6 AA батареяларымен ғана алмастырыңыз.
Ескертпе Біз сізге тек Philips қайта зарядталмайтын батареяларын ғана қолданыңыз деп
қатаң кеңес береміз.
адаптер
Нәресте бөлігінің адапторын тек түп нұсқалы адаптор түрімен ғана алмастырыңыз. Сіз жаңа
адапторды өзіңіздің диллеріңізден немесе Philips қызмет орталығынан тапсырыс арқылы
алуыңызға болады.
- Тек Ұлыбритания: SSA 5W 09 UK 075040F
- Басқа елдер: SSA 5W 09 EU 075040F
ата-аналар бөлігі
Батареялар
Ата-аналар бөлігіндегі қайта зарядталатын батареяларын тек екі NiMH AAA 850mAh
батареяларымен ғана алмастырыңыз.
Ескертпе Біз сізге тек Philips қайта зарядталатын батареяларын ғана қолданыңыз деп қатал
кеңес береміз.
адаптер
Ата аналар бөлігінің зарядтаушысының адапторын тек түп нұсқалы адаптор түрімен ғана
алмастырыңыз. Сіз жаңа адапторды өзіңіздің диллеріңізден немесе Philips қызмет орталығынан
тапсырыс арқылы алуыңызға болады.
- Тек Ұлыбритания: SSA 5W 05 UK 045040F
- Басқа елдер: SSA 5W 05 UK 045040F
Қоршаған орта
- Қызмет мерзімі аяқталғанда, құралды әдеттегі қоқыспен бірге тастамай, ресми жинау
орнына тапсырыңыз. Осылайша, сіз қоршаған ортаны сақтауға көмектесесіз (Cурет 28).
- Қайта зарядталатын және қайта зарядталмайтын батареялар және батарея
топтамаларында қоршаған айналаға зақым тигізетін заттар бар. Қайта зарядталатын
және қайта зарядталмайтын батареялар және батарея топтамаларын әдеттегі үй
қоқыстарымен бірге тастауға болмайды, оларды арнайы жинап алатын орындарға өткізіңіз.
Қайта зарядталатын және қайта зарядталмайтын батареялар және батарея топтамаларын
тастар және жинап алатын арнайы ресми орынға өткізер алдында орнынан
алыңыз. (Cурет 29)
ҚазаҚша
76