Prg түймесімен кодты теру тәртібін орнату – Philips SCD469 User Manual
Page 93
Есте сақтаңыз:Барлық орнатылған бағдарламаларды тоқтатып, Жылдам Орнату тәртібінен
шығу үшін, RESET (қайта қосу) түймесін 5 секундтан көбірек басып тұрыңыз.
Prg түймесімен кодты теру тәртібін орнату
1
Клавиатурадағы PRG (бағдарлама) түймесін басып, бағдарламалық тәртіпті енгізіңіз.
(Cурет 11)
Клавиатура түймелерін қолданып, бағдарламаларды енгізіңіз немесе оларды алмастырыңыз.
Клавиатурадағы OK түймесін басып, құптаңыз.
Клавиатурадағы C (жою түймесі) түймесін басып, соңғы енгізілген нөмірді өшіруіңізге
болады.
Есте сақтаңыз:Егер сіз түймелерді 5 секунд бойы баспасаңыз, нәресте бөлігі бағдарламалау
тәртібінен шығып кетеді.
Бос жады орнын табу үшін, М (жады) түймесін бір немесе бірнеше рет басыңыз.
(Cурет 12)
Егер жады орны бос болса, жады суреті (M1-M5) жымыңдай бастайды.
Керекті телефон нөмірін енгізу үшін, нөмірлі клавиатураны қолданыңыз. Телефон нөмірі ең
көп дегенде 40 саннан тұра алады.
Жады суреті жымыңдағанын тоқтатады.
Көрсеткіш телефон нөмірін бір сәтке көрсетеді (тек 11 санын ғана).
Содан соң көрсеткіштегі сан жоқ болып кетеді, алайда жады суреті белгіленіп тұрады.
Нөмір нәресте бөлігінің жадында сақталды деген сөз.
Жоғарыда айтылған қадамдарды қолданып, келесі телефон нөмірін енгізсеңіз болады.
Есте сақтаңыз:Ö түймесін басып, телефон нөмірінде үзіліс жасауыңызға болады. Көрсеткіш
үзілісті P әрпімен көрсетеді.
Көрсеткіштегі тілді таңдаңыз.
OK түймесін және нәресте бөлігі қолдансын деп таңдаған тілдің тұсындағы нөмірді
басыңыз.
Есте сақтаңыз:Ұсына алатын тілдер: Ағылшын (1), Француз (2), Неміс (3), Испан (3) немесе Дат
(5). Ағылшын тілі алдын ала орнатылған тіл болып келеді.
Өзіңіздің таңдаған мүмкіндігіңізді мақұлдау үшін ОК түймесін басыңыз.
Нәрестеңізді тыңдамақшы болып нәресте бөлігіне телефон шалғаныңызда, нәресте бөлігі өзіңіз
қалап орнатқан тілде PIN кодын енгізіңіз деп талап етеді.
Клавиатурадағы PIN түймесін басыңыз.
PIN және ---- көрсеткіште жымыңдай бастайды.
Нөмірлі клавиатураны қолданып, 4-санды PIN кодын енгізіңіз.
Клавиатурадағы OK түймесін басып, бағдарламаны құптаңыз.
5
Öтүймесін басып, сезімталдық уақытын енгізіңіз.
Ö
және 10 көрсеткіште жымыңдай бастайды.
Сезімтал уақыты дегеніміз ол нәресте бөлігі дыбыс сезгеннен кейін қанша уақыттан кейін
таңдалған телефонға телефон шалатын уақыттын айтамыз.
Сіз сезімтал уақытын 10 мен 360 секунд аралығында таңдасаңыз болады. Алдын ала
қойылған сезімтал уақыты 10 секунд.
OK түймесін басып, бағдарламаны кұптаңыз.
Кодты теру тәртібінде қолдануға нәресте бөлігі дайын.
-
-
-
,
-
,
,
,
-
-
-
,
-
-
,
-
-
-
ҚазаҚша
9